Таразда жоғалып кеткен 11-сынып оқушысы аман-есен табылып, ата-анасына табысталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлайды.
Құзырлы органның мәліметінше, Жамбыл облыстық полиция департаментінің жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Асылжан Доғдырбай 2 қараша күні табылған.
Іздеуде жүрген оқушының Байзақ ауданы Мадимар ауылында болғандығы айтылған.
Қазіргі таңда ол ата-анасының жанында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 2002 жылы туылған жасөспірім қыздың үйінін шығып кетіп, қайтып оралмағаны хабарланған еді.