Тастағы жазулар көзден таса қала бере ме?

Тастағы жазулар көзден таса қала бере ме?

Қазақ даласының қадым заманнан бергі қалың қатпарлы тарихы бар. Есте жоқ ескі кезеңдерде біздің кең-байтақ жерімізді ежелгі адамдар мекен еткен көрінеді. Көне заманның көзі тірі куәсі саналған киелі орынның бірі қарт Қаратау екені бел­гілі. Ғалымдардың айтуынша, бұл жердегі адамдар бағзы заманнан бері қоныс етіп келеді. Шамамен 500 мың жылдай бұрын осы маңда адамдар тіршілік еткенге ұқ­сайды. Осы кезеңнен қалған ескерткіштер де баршылық. Қаратау қойнауында тасқа салынған суреттер жетіп-артылады. Өкініштісі: «сол бағалы байлығымыз бен қымбат қазынамыздың қаншалықты қадіріне жете алдық» деген сауал көкейде жиі қонақтайды. Шынында да, біз осындай тарихтан тамыр тартқан, түп-төркінімізді түгендейтін, талай кезеңнің шежіресін тарқататын көне жәдігерге өз деңгейінде назар аударып жүрміз бе? Әрине, біз бұл бағытта енді-енді ғана жұ­мыстар жүргізіп келеміз. Тіпті қаншама томға жүк болатын істің алғашқы па­рақтарын ашып отырған секілдіміз. Болмаса, сол тарихи дүниелерге байланысты зер­делі зерттеу жүргізер едік-ау. Бұл әзірге біздің тек қиялда жүрген ойларымыз бо­лып тұр. Қаратау қойнауындағы қымбат қазынаға әлі де түрен салына қойған жоқ.
Ғылым тілінде тасқа жазылған жазулар пе­троглиф деп аталады. Әлем ғалымдары оның пайда болу кезеңін соңғы палеолиттің кейінгі шағымен байланыстырады. Мұндай дүниелер жер-жаһанның бірқатар елдерінде кө­рініс береді. Мәселен, Еуропа құрлығының – Шве­ция, Норвегия, Италия, Португалия, Испания, Азияда – Үндістан, Пәкістан, Қытай, Ко­рея, Жапония, Арабия аумағында, Аме­риканың – Канада, АҚШ, Аргентина, Чили, Бра­зилия және Австралияда да кездеседі.
Қысқасы, төрткүл дүниенің төрт бұры­шынан мұндай орындар көзге ұшырасады. Осындай орындар ТМД елдерінің аума­ғында да бар. Атап айтқанда, Қап тауында, Орта Азияда, Сібірде, Оралда, Қиыр Шы­ғыста көрініс береді. Қысқасы, петроглиф адамзат мәдениетінде маңызды құбылыс екенін аңғару қиын емес.
Шындығын айтқанда, бұл дүниелерді өнер туындылары ретінде қарауға әбден бо­лады. Есерткіштердегі сызбалар сан түр­лі тәсілдермен қашалып, оған көп бей­не­лер салынған. Тас ғасырдан кейінгі ке­зең­де сана иелері өздерінің тыныс-тірші­лігі жайында тасқа қашап бейнелеуді дұ­рыс көрген тәрізді. Онда шаруашылық, тұр­мыс-салт пен жол-жоралғы, дүние­таным тас­қа басылған. Ең негізгі көрініс­тер тір­ші­лік иелерінің аңшылық пен балық­шылық секілді кәсіптерге қатысты екені көзге көрінеді.
Қазақстанда тау-тасына қашалған 200-ден астам бейнелер бар. Солардың қата­рында Сыр өңірінің Шиелі ауданында орын тепкен Сауысқандық жотасындағы суреттер саналады. Бұл маңда мұндай ескерткіштер өте мол. Ауқымы да үлкен. Ар­хео­лог Мадияр Елеусінов бұл жотадағы тасқа қашалған таңбалардың молдығы әй­гілі Таңбалы тастан бір мысқал да кем түс­пейтінін айтады. Алайда Қаратау қой­на­уындағы көне жәдігерлердің насихаты өте кемшін түсіп тұр.
Жалпы, бұл өңір – көне заманның түп-тамырына үңілетін археолог ғалымдарға әлі де ашылмаған арал тектес. Себебі атал­мыш орындарға күні бүгінге дейін өз дең­гейінде назар аударылған жоқ. Бір сөз­бен айтқанда, ғалымдар білек сыбана кірі­се қоймады деуге болады. Оның түрлі себептері де баршылық. Кезінде қаражат жоқтығы қолды байлады. Осының салдарынан жұмыс кейінге ысырылып келеді. Бұл қашанға дейін созылмақ? Әзірге бізге белгісіз.
Одан қалды, көне ескерткіштер адам­дар тарапынан да жойылып барады. Ға­лым­дар ескі жәдігерлердің оннан сегі­зі жұмыр басты жандардың қолынан бү­лі­нетінін тілге тиек етеді. Қалғаны таби­ғаттың әсерінен бастапқы бейнесін жоғалтады екен. Өкі­нішке қарай, Сауысқандық жота­сын­дағы тастағы жазбалардың біршамасын адамдар қолмен қиратып бүлдірген. Тау басына барған жандар өткеннің ескі шежіресінің бағасын білмейді. Тасқа қа­шал­ған суреттерді қорғаудың орнына өз «қолтаңбасын» да қалдырып кетуді дұрыс көреді. Олар­дың үстіне өздерінің аты-жө­нін баттитып жазғанды өзіне «мәртебе» санайды. Осыған қарай отырып, бұл тас­тағы жазбалар неге арнайы қорғауға ал­ын­бай отыр деген ой туады.
Дәурен ӘБІЛДАШЕВ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы:
– Қазақстандағы петрографиялық зерттеулер өткен ғасырдың 20-жылдарынан басталды. Осының нәтижесінде тас­тағы біршама жазбаларға назар ауда­рылып, ғылыми тұрғыда баға бе­ріл­ді. Атап айтқанда, Арпаөзен, Баян­жүрек, Ешкіөлмес, Қаратау, Қойбағар, Майдантал, Мойнақ, Теректі-әулие се­кілді жерлердегі жазбаларға осындай зерттеулер жасалған. Дегенмен оны өз деңгейінде орындалды деуге келмес. Әлі де жан-жақты таразыға тартуды қа­жет етеді.
Петроглифтік дүниелер өнерінің мәні терең, бейнесі мазмұнды болып келеді. Ежелгі замандағы адамдар аңыз әңгі­ме­лерге ден қоя отырып, мифтік бейнелерді де тасқа қашай білген. Сондай-ақ қоршаған ортаға қатысты көріністерді де көз алдына келтіреді. Өркениетті елдерде мұндай бағалы байлық әлдеқашан өз бағасын алған. Оған қаншама уақыттан бері тарихи туынды ретінде қарап, мемлекеттің өз қамқорлығы жасалады. Өкініштісі, біздің елімізде бұл саланың тыныс-тіршілігі бізді күмәнді ойға қалдырады.
Көне замандағы ата-бабаларымыз біз­ге қандай сырларды айтқысы келді ек­ен? Біз оны қаншалықты түсініп жүрміз? Қан­шама ғасырдан бері желдің өті мен то­лассыз жауын-шашынға шыдас берген құндылықты бүгінгі заманда қолдан бүл­діріп жатқанымыз қалай? Өткеннің ше­жіресіне үңілеміз десек, бұл бағытта неге зерделі зерттеулер жүргізбейміз? Оны қа­зіргі ұрпақ санасына сіңіру үшін арнайы бағ­дарлама қабылдауымыз қажет шығар. Бол­маса, өркениетті заманға бет бұрған осы шақта бұрынғы бағалы дүниелерді көз алдымызда жоғалтып алуымыз ғажап емес…

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста