«Тәуекел» сөзі қашанда қазағымның серігі болған - Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат

«Тәуекел» сөзі қашанда қазағымның серігі болған - Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат

Қазақтың «тәуекел» сөзі о бастан-ақ сүйегіне бітіп, етіне дарып, қанына сіңген. Шешілуі қиындау істі бастағанда, соқпағы ауыр асулардан асарда «Нар тәуекел» деп шешім қабылдап, қауым жұртты көтерген. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Оның сөзінше, батырлықтың өзі тәуекелшілдіктен бастау алып, ақылмен ширатылып отырған.

«Бауыржан Момышұлының «Ұрыста тәуекел ету де –ерлік», Тәуекелсіз жеңіс жоқ»  деген жігерлендіретін аталы сөздері майдандағы жауынгерлердің намысын қозғап, бетпе-бет шайқаста ұран іспетті қолданылған. Тәуекел туралы ел аузында таралып жүрген қанатты сөздер өте көп. Тәуекел сөзі тек отан қорғау мақсатында ғана қолданылмаған. Әлем елдерінің бәрінде әр саланың үздіктерінің, тарихта қалған белгілі тұлғалардың ой-қиялынан туған армандары мақсатқа ұласып, тәуекелдерге барған. Аты әйгілі Коко Шанель «Тәуекелшілдік өмірді жандандыра түседі» деген. Демек, Коко Шанельдің   атының сән әлемінің биік төрінде, тарих беттерінде қалуы тәуекелшілдігінің жемісі. Тәуекелшілдігінің арқасында арманы орындалып өшпестей аты қалды, бағасын алды. Антон Макаренко болса, «Тәуекелден бас тарту – шығармашылықтан бас тарту» деген. Бұның бәрі мықтылардың өмір тәжірибиесінен алынған жауһар сөздер», - дейді ол.
Сондай-ақ, Қалыйма Жантөреева алысқа бармай-ақ, қазақтың нақыл сөздеріне де тоқталып өтті.

«Тәуекел сөзі қашанда қазағымның серігі болған, сенімі болған. Тәуекел сөзінің қуаты да  қайраты жүректен шығуында, ұрпақтан ұрпаққа таралып, нәтиже беруінде жатыр. Небір қиын заманда қазақты көштен қалдырмаған, жауына алдырмаған ұстын сөзі, намысты қайраған сөз тәуекел сөзі болған. «Ата қоныс жер үшін Нар Тәуекел» деп елжандылыққа бастап, Кеңестік құрылым тұсында ең алғаш Тәуекелге барған желтоқсаншы боздақтар  қанымен, шыбын жанымен Тәуелсіздікке ойдым-ойдым соқпақ та болса, тар да болса   төте жол салды. Соқпағы тым ауыр еді солдың, бірақ түбі нәтижесін беріп, тәуелсіздіктіктің туы тігілді, шекарамыз шегенделді, қазақ бодандықтан босап, кеуде керіп дем алатын шамаға жеттік. Желтоқсаншылдар бастаған тәуекел қазақтың намысын, басылып қалған отаншыл рухын оятты», - дейді Түркістан облыстық мәслихатының кандидаты.
Қалыйма Жантөреева «Тәуекелдің нары күшті», «Тәуекел дария кештіреді» деген сөздер әр қазаққа дем береді,  өжеттіктің  қайрағын қайрай түседі, дүйім елге қажет игі бастамаларға жетелейді дегенді алға тартты .

«Қаңтар оқиғасынан кейінгі халық сұранысына Референдум өткізуге Жарлық шығарып оның нәтижелі өткізілуі, Сайлау туралы заңға өзгеріс енгізілуі,  ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауының 19 наурызға белгіленуі нағыз тәуекелге бару. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Халықпен бірге» деп көпшіліктің ойынан шығып, сайлау науқанын Нар тәуекел деп бастауы, ата-бабадан мирас болып келе жатқан Тәуекел сөзінің құдыретін биіктете түсуде», - деп қорытындылады Қалыйма Жантөреева.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста