Тәуелсіздік арқалатар жүк ауыр

Тәуелсіздік арқалатар жүк ауыр

Бүгін еліміз өз Тәуелсіздігінің 18-белесіне көтерілді. Біз үшін бұл – мемлекеттік маңызға ие айтулы мерекелердің бірі. Осы тұста Тәуелсіздік ұғымының мән-мағынасы мен егемен елдің әрбір ұланына арқалатар ауыр жүгі туралы еріксіз ойланасың...

Рас, кезінде: «көшпелі ғұмыр кешкен қазақ жұртының ешқашан төл мемлекеті болған емес, Кеңестер Одағының ыдырауы салдарынан егемендікке кездейсоқ қол жеткізді, Тәуелсіздік деген – қазаққа көктен түскен тосын сый болды» деп сәуегейлік еткендер де табылды. Алайда мұның мейлінше жаңсақ пікір екеніне қатпарынан қаны сорғалаған қазақтың қарт тарихы куә. Шын мәнісінде, «мың өліп, мың тірілген» осынау жанкешті, қаһарман халық өз бостандығын «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып», «тебінгісі терге шіріп, терлігі майға еріп жүріп» есте жоқ ескі замандардан бері қорғап келген, қорғап қалған.

Сенбесеңіз, жалынды жырларының әрбір жолынан күрескерлік рух ескен Махамбет жырларын оқыңыз. Исатай бастаған ұлт-азаттық көтеріліске өзінің «Кішкентай» іспетті ең алғашқы туындыларының бірін арнаған Құрманғазыдай дала дауылпазының "Ақсақ киік", "Түрмеден қашқан", «Кісен ашқан», "Адай" күйлеріне құлақ түріңіз. Бұған енді азаттықты көксеген ел арманы, әділетсіздікке төзбей, бұлқынған бұла қарсылық, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысы терең көрініс тапқан Мағжан мен Міржақып өлеңдерін, Әлихан, Ахмет, Мұстафа тәрізді Алаш жұртының басқа да біртуар тұлғаларының күллі қайраткерлік баянын қосыңыз. Қасіретті де қасиетті тарихымыздың осынау жарқын беттерінен сабақ алу, құрметпен қарау бүгінгі буынға – парыз, ертеңгі ұрпаққа – аманат. Өйткені Міржақып Дулатов айтпақшы, қашан да «Тарихын жоғалтқан жұрт – жоғалған жұрт».

Сайып келгенде, ғасырларға созылған Тәуелсіздік жолындағы күреске халқымыздың талай арда азаматтары бас тігіп, қанын да, жанын да қиды. «Алда үлкен той болады, келер ұрпақ бізге я қарғыс, я алғыс айтады. Түптің түбінде біз өз мемлекетімізді құрамыз» деген нық сенімде болған алашордашылардың асыл мұраты араға 70 жыл салып барып, өрімдей ұл-қыздың ызғарлы желтоқсандағы «мұзға жаққан алауына» ұласты. Ұлт Тәуелсіздігінің алғышартындай сол Желтоқсан оқиғасы ғазиз бабаларымыздың кешегі булыққан арманының өлмей-өшпей ұрпаққа жалғасып, өміршең рухтың атойлап алға шығуына негіз болғанын көрсетті. Табанды да тегеурінді күрес нәтижесінде қазақ аспанында еркіндік, теңдік таңы атты. Егемендік туралы құжат ұлт Тәуелсіздігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу мүмкіндігіне қол жеткізген еліміз егемендік Декларациясы арқылы табиғи байлығын, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін толық өз меншігіне алды. Орталыққа бағынышты күйден арылып, алыс-жақын мемлекеттермен тең әріптес ретіндегі ынтымақтастыққа қол жеткізді.

Әрине, өткенге – салауат, бұл күнге – шүкір. Алайда біз бүгінде шын мәнісіндегі ұлттық, рухани Тәуелсіздікке қол жеткізе алдық па? Жалпы, кез келген қоғамның түпкі мақсаты – саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени тұрғыда дербес даму, экономикасының өзгеге емес, өзіне қызмет етіп, өз елінің әл-ауқатын көтеруіне қол жеткізу десек, орныққанына 18 жыл болған біздің дербестігіміз осы талапқа қаншалықты жауап беріп отыр? Бұл ретте, бір нәрсені кесіп айту қиын. Шындығында, осы жылдар ішінде халқымыз басынан өткерген жұмыссыздық, үйсіздік пен күйсіздік, рухани ашаршылық тәрізді көптеген кеселдерді «есесіне тәуелсіздік алдық», «еңсесін енді-енді тіктеп келе жатқан жас мемлекетімізге онсыз да оңай тиіп жатқан жоқ» деген желеумен жасырып-жабуға тырыстық. Қысқасы, біз Тәуелсіздік ұғымын жұрт санасын билеу құралына айналдырып жібердік. Мұның артық-кем тұсын өзіңіз таразылап көріңіз.

Тәуелсіздіктің арқасында өзгелермен терезесі теңескен қазақты күллі әлем танығандығы даусыз. Бірақ сонымен барлық мәселе шешілді ме? Мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілгеніне қарамастан, әлі күнге тиісті төріне оза алмай, босағадан сығалаумен келе жатқан қай тіл? Қазақтың тілі. «Қызыл шоқтай қарыған, қазаққа сөз дарыған» деп бабаларымыз әспеттеген жетелі сөз бүгінде ем болудан кетіп, ауыздан шыққан жел есебінде болып тұр. Мұндай жағдайда кім жетім? Қазақтың әдебиеті жетім. Батыс мәдениетіне көзсіз бас ұрған маргинал ұрпақ ұлт руханиятының Темірқазығындай – ұлттық дүниетаным, музыка, салт-дәстүр, әдет-ғұрып іспетті дәстүрлі дүние атаулының бәрін міз бақпастан мансұқтауға бар. Демек, өз «Менінен» айрылып, ұлт ретінде экзотикаға айналуға бет алған кім? Баяғы қазақ...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста