«Тәуелсіздік толғауы» тың туындыларды анықтамақ

«Тәуелсіздік толғауы» тың туындыларды анықтамақ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ІІІ республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауын өткізгелі отыр. Шығармашылық байқауы ел Тәуелсіздігінің тарихи маңызын көркем тілмен асқақтататын жаңа туындыларды анықтамақ.
Байқау заман талабына сай келетін драмалық және музыкалық шығар­малардың жазылуына жол ашып, отан­дық авторларды қолдауды, республика театрлары мен концерттік ұйымдар репертуарларын жаңа туындылармен толықтыруды,  өнер туындылары арқы­лы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды көздейді. Үздік көркем туындылар мына аталымдар бойынша іріктеледі: 1) жастар аудиториясына ар­налған ең үздік музыкалық-драмалық көлемді шығарма (мюзикл, рок-опера, опера, балет); 2) қуыршақ театрларына арналған ең үздік драмалық шығарма; 3) қазақ халық аспаптарына (қобыз, домбыра, сыбызғы) арналған кіші кө­лемді ең үздік шығарма (күй); 4) хорға арналған ең үздік шығарма; 5) ең үздік балалар әні. Байқауға белгіленген аталымдар шеңберінде жеке автор­лардың немесе авторлық ұжымдардың шығармалары қабылданады. Ұсыны­латын шығармалар бұрын-соңды орындалмаған, жарияланбаған және конкурстарға қатыстырылмаған жаңа шығарма болуы керек. Авторлар бір немесе бірнеше аталымға қатыса алады. Әр аталым бойынша автор тек бір ғана шығарма ұсынуы керек. Конкурсқа кәсіби композиторлар мен әдебиет­шілер қатысады. Олардың жас шама­сына шектеу қойылмайды. Байқау Тәуелсіздік күні қарсаңында қоры­тындыланады. Құжаттар 2012 жылдың 15 қазанына дейінгі мерзімде мына мекенжайға жіберілуі тиіс: 010000, Қазақстан, Астана қаласы, Абай даңғылы, 18-үй,  «Қазақ әуендері» АҚ, тел: 8 (7172) 39-01-40, факс: 8 (7172) 39-05-14.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста