Телефон лаңкестерінің «ойыны» осылмай тұр

Телефон лаңкестерінің «ойыны» осылмай тұр

Апат әкелетін оқиғаларда жұдырықша жұмылатын құтқарушы құзырлы мекемелер қызметкерлерінің Атыраудағы өкілдері шетелдің киноларында көрсетілетіндей, кәсіби құтқару қызметіне әбден дағдылануға жақын қалды. Өйтпегенде ше, ай сайын полиция бөліміне ауруханада, небір қуаты күшті зауытта жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келіп, дүрліктіріп отырса. Ал өткен сенбіде телефон лаңкесінің «әзілінен» құтқарушылардың төккен терінен өзге, қала мектептерінің бірі бір күндік оқу бағдарламасынан қалды.

Сенбі күні тапа-тал түсте Атырау қаласының орталығындағы мектептің бірі құтқарушылар мен құқық қорғау органдарының, медицина қызметкерлерінің қоршауында қалды. Сол күні түскі 14 сағат 59 минутта полицияның кезекші бөліміне белгісіз ер адам №12орта мектепте жарылғыш зат қойылғанытуралы хабар айтқан. Бұған дейін бес жүзге жуық науқас пен алып зауыттың жұмысшыларын жарылғыш зат қойылды деген аумақтан әп-сәтте көшіріп, тәжірибе жинап қалған құтқарушылар бұл жолы мектептегі оқушылар мен мұғалімдерді қауіпсіз аймаққа шығарды. Нәтижесінде, түскі мезгілдегі сабаққа келген 600 оқушы мен 40 педагог мамандар және жаяу жүргіншілер құтқарушылардың іс-қимылын бақылаумен болды.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Самал Әбированың айтуынша, жарылғыш затты бір жарым сағат іздеген арнайы топ ештеңе таппады. Яғни бұл жолғы хабарлама да жалған болып шықты.

Атырау ОІІД-нің баспасөз қызметінен білгеніміздей, қазіргі күні мектепке жарылғыш зат қойылды деп хабар берген адамды жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Айтарлығы, бұған дейін туберкулезге қарсы күрес диспансерінде жарылғыш зат қойылды деп полицияға жалған хабарлама берген сол аурухананың қызметкеріне байланысты қозғалған қылмыстық іс аяқталуға таяп қалды. Ал Теңіз кенішіндегі зауытқа жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат берген ер адам әлі табылмады. Осыған байланысты құзырлы органдар телефон лаңкестеріне қарсы қатаң шаралар қолданып жатқанға ұқсайды...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста