«Тікелей қауіп жоқ». Сарапшылар Тоқаевтың Ауғанстан жайлы мәлімдемесіне пікір білдірді

«Тікелей қауіп жоқ». Сарапшылар Тоқаевтың Ауғанстан жайлы мәлімдемесіне пікір білдірді

Ауғанстан билігіне тәліптердің келуі әлемді алаңдатып отыр. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қайсар-2021» оқу-жаттығуына қатысып, «Ауғанстандағы жағдайға байланысты қоғамда алаңдаушылық артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл оқиғалар Қазақстанға тікелей қауіп төндірмейді. Алайда белгілі бір дәрежеде қатері бар» деп мәлімдеді.  

Azattyq Rýhy тілшісі Тоқаев мұнымен не айтқысы келгенін, Ауғанстандағы жағдай салдарынан Қазақстанға нендей қатер төну мүмкін деген сұрақтарды бірқатар саясаттанушыларға қойып көрді.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

- Президент Ауғанстанда тәліп үкіметі орнағаннан кейін туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді қарастырып отыр. Тәліптер әлемнің бірнеше елінде тыйым салынған радикалды ұйым, оларды әлі күнге дейін БАӘ, Пәкістан мен Сауд Арабиясынан басқа ешбір мемлекет мойындамаған. Осы тұрғыдан алсақ, діни радикализмнің ену қаупі бар. Тәліптердің қозғалысына 40 жыл болы және бұл қозғалыстың идеясы өте мығым. Қазақстандағы діни ахуалға байланысты, тәліптердің уағыздайтыны Ханафи мәзхабы мен сопылық бағыты болғанымен, біздегі суфистік бағыт пен ханафи мәзхабының ең бейбіт түрі. Ал, тәліптерде бұл фундаментал қатаң дін бағыттарын ұстанған. Сондықтан осы тұрғыда қандай да бір радикалдардың енуі, діни ахуалдың ушығып кету қауіп-қатері бар. Екінші мәселе, талибан қозғалысының ішкі құрылымы. Өйткені, «Талибан» қозғалысы бірнеше топтан тұрады, бірнеше дала командирі бар, этникалық тұрғыдан да әртараптанған. Олардың ішінде әлі күнге дейін орталықтанған тәліб үкіметінің саяси көзқарасын қолдамайтын топтар да бар. Әсіресе, солтүстік аймақтарда. Міне, осы топтардың қандай да бір лаңкестік әрекетке Орталық Азия территориялары арқылы еніп кету қаупі қарастырылып отыр. Сондықтан бұл тұрғыдан алғанда, аталған мәселені де ескеру қажет болып отыр. Үшінші мәселе – жалпы тәліптер қозғалысы ішінде кезінде Сирияда болған ДАИШ лаңкестік ұйымының топтары әлі күнге дейін бар. Мысалы, бүгінгі таңда тәліптер түрмеде отырған барлық қылмыскерлерді босатты. Олардың арасында кезіндегі радикалды ДАИШ ұйымының өкілдері де бар, міне, осы өкілдердің алдағы уақытта қандай да бір әрекетке бару қаупі ескеріліп отыр. Осы үш тұрғыдан алғанда, әрине Қазақстанға қауіпсіздік қатерін туғызуы мүмкіндігі әлі де қарастырылып отыр.

Расул Арин, тәуелсіз саясаттанушы:

– Қазақстан үшін тікелей қауіп төңбейтіні рас. Дегенмен егер Талибан күштері Ауғанстанда өзінің жаңа басқару жүйесін жақын арада және бейбіт түрінде орнатпаса, ол елде жаңадан бірнеше қатер пайда болуы ықтимал. Біріншіден, елдегі азық-түлік, су мәселесін қаматамасыз ететін мемлекеттік жүйе қалпына келтірілмесе, жұт жайлаған және әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар елде ашаршылық және гуманитарлық дағдарыс орнайды. Екіншіден, жаңа басқару жүйесі және мемлекеттік құрылысы бейбіт жолмен орнықпаса, ол ел ішіндегі алауыздықты және ішкі қақтығыстарды өршітеді. Бұл Ауғанстан елінің мемлекеттігін тас-талқан етіп, сырттан ИГИЛ (Қазақстанда тыйым салынған) секілді өзге лаңкестік және экстремистік күштердің келуіне жол ашады. Бұл жағдайда ислам экстремизмінен туындайтын лаңкесттік қатерлер Орталық Азия үшін жоғарылайды. Үшіншіден, гуманитарлық дағдарыс пен ішкі қақтығыстар салдарынан кемінде жүз мыңдаған адам босқын ретінде көршілес елдерге қарай ағылады және сол елдердің мәселесіне айналады. Еуропадағы босқындар мәселесі экономикалық әл-қуаты жоғары елдерге өз зардабын айтарлықтай тигізуде, ал Еуропадан әлеуеті төмен Орталық Азияға одан да ауыр тию мүмкін.

ТӘЛІПТЕР ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНЕ ЕНІП, ОЛАРДЫ ТҰРАҚСЫЗДАНДЫРУҒА ТЫРЫСУЫ МҮМКІН БЕ?

Қазбек Майгелдинов:

- «Талибан» қозғалысының Дохада отырған үкімет басшылары барлық әлемдік қауымдастықты, соның ішінде Орталық Азия басшыларына: «Ешқандай қауіп төндірмей, бейбіт түрде Ауғанстанды дамытуға мүдделіміз» деп отыр. Дегенмен 1996-2000 жылдары тәліптер мемлекет басында болған кезде де атышулы «Баткен» оқиғасы болған. Ол кезде лаңкестер шекарадан өтіп, салдарынан жазықсыз тұрғындар қаза тапты. Осы тұрғыдан алғанда, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері жекелеген топтардың лаңкестік әрекетке бару мүмкіндігін қауіп-қатер ретінде қарастырады.

Расул Арин:

- Тәліптер үшін қазір Орталық Азияға ену тиімсіз, қазір оларға ең маңыздысы - халықаралық мойындауға ие болу. 1996-2001 жылдар аралығында Ауғанстан билігінде болған тәліптер жасаған қателіктерді ескере отырып, халықаралық қатынас орнатуға ұмтылады. Халықаралық деңгейде мойындаған елдермен Ауғанстан сауда-саттық, инвестиция, инфрақұрылымдық жобалар мен қаржылай көмекті алу мүмкіндігіне ие болады. Нәтижесінде Ауғанстан өзінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, мемлекеттің ыдырауына жол бермейді.

ҚАЗАҚСТАН АУҒАНСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА ҚАТЫСТЫ ҚАНДАЙ ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСАДЫ?

Қазбек Майгелдинов:

- Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен салыстырғанда, Қазақстанның Ауғанстамен ортақ шекарасы жоқ. Дегенмен, Түрікменстан мен Ауғанстан шекаралары осал шекаралардың бірі боп саналады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Тәжікстанда Ресейдің арнайы әскери базасы орналасқан. Өзбекстан мен Ауғанстанға келер болсақ, қазір Ш.Мирзеевтің келуімен соңғы 5-6 жылда ауған келіссөздеріне Өзбекстан тікелей араласып, өзінің қандай да бір тәжірибесін көрсетті. Көбінесе олар экономикалық мүддені көздеп отыр. Әсіресе, Пәкістанға ауған дәлізін қолдану. Сонымен қатар, Өзбекстанның әскери қуаты Ауғанстаннан мықты. Түрікменстанның шекаралық мәселесі қазір алаңдатушылық тудырып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, қазір ел үкіметіне, ел басшылығына ортақ мүдде мәлімдемесіне келу керек. Қауіпсіздік мәселесіне келгенде, Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары ортақ бір қағиданы ұстануға тиіс. Өйткені, тәліп үкіметімен келіссөз жүргенде нақты қадамдар, нақты іс-шаралардың ортақ бағыт-бағдары болуы қажет. Сонымен бірге, Қазақстан Ауғанстанға осы уақытқа дейін гуманитарлық көмек көрсетіп келді. Мыңнан астам ауған студенттері Қазақстан ЖОО-ларында оқып жатыр. Дегенмен, Ресей, Қытай, АҚШ сияқты алпауыт елдердің «Талибан» қозғалысын мойындағанына/мойындамағанына қарамастан, БҰҰ аясында тәліптер тыйым салынған ұйымдар қатарынан шығарылса, Қазақстан да ресми түрде келіссөз жүргізуге дайын болуы қажет.

Расул Арин:

- Егер талибан күштерінің билігі Ауғанстанда БҰҰ резолюциясымен мойындалса, Қазақстан жаңа билікпен ресми байланыс орната алады. Оған дейін Қазақстан тек төрт бағытта жұмыс істей алады. Біріншісі – ол Кабулдағы елішіліктің жұмысын қамтамасыз ету. Ресей секілді алпауыт елдердің делдалдығы арқылы біздің елшілік талибан өкілдерімен бейресми байланыстарды орната алады, осы арқылы көші-қон мәселесін қамтамасыз етеді. Бұдан шығатын екінші мәселе – Ауғанстаннан Қазақстан азаматтарын, этникалық қазақтарды және босқын дәрежесіндегі ауған азаматтарын көшіру. Ресми байланыс орныққан жағдайда кері бағытта гуманитарлық көмек, тауар және қаржы қозғалысын дамытуға болады.

Үшінші бағыт – Алматыға көшірілген Ауғанстан бойынша БҰҰ офисімен тікелей қатынаста жұмыс жасау арқылы Ауғанстандағы мәселелердің шешілуіне атсалысу. Осының нәтижесінде Қазақстан Ауғанстан бойынша маңызды халықаралық дипломатиялық торапқа айнала алады.

Төртінші бағыт - Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерімен, ШЫҰ (ШОС) және ҰҚШҰ (ОДКБ) елдерімен бірігіп ортақ позиция мен шараларды ұйымдастыруы.

Жазып алған: Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста