Тіркеу – электронды
Әділет министрлігі жылжымайтын мүлікке деген құқықты электронды форматта тіркеуді қолға алмақшы. Бұл шара тіркеу ісін жеделдетіп, жеңілдетуі тиіс деп күтіліп отыр.
«Министрлік қазір «Электронды нотариат» жүйесін пайдалану арқылы жылжымайтын мүлікке деген құқықты тіркеу процесін толыққанды электронды форматқа көшіру мәселесін қарастырып жатыр. Мұндай жағдайда тіркеу процесіне кететін 15 жұмыс күнін бес күнге қысқартуға қол жеткізеді екенбіз», – деді өткен апта соңында болған Әділет министрлігінің алқалы отырысында ведомство басшысы Р.Түсіпбеков.
Сондай-ақ аталған форматта жылжымайтын мүлікке деген құқықты тіркеу ісі арыз беруші мен ведомство қызметкерінің қарым-қатынасынсыз жүзеге асырылатындығын, ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың аяғына тұсау болатындығын баса айтқымыз келеді.