"Тойда арақ құйылмайды": Солтүстік Қазақстан бүтін бір ауыл 20 жылдан бері ішімдіктен бас тартқан

"Тойда арақ құйылмайды": Солтүстік Қазақстан бүтін бір ауыл 20 жылдан бері ішімдіктен бас тартқан

Солтүстік Қазақстандағы Тайынша ауданына қарасты Теңдік елді мекенінің тұрғындары осыдан 20 жылға жуық уақыт бұрын спиртті ішімдіктерден түбегейлі бас тартқан. Содан бері дүкен сөрелерінен де арақ-шарап түгел алынып тасталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Теңдік ауылында 400-ге тарта тұрғын бар. Соңғы 20 жылда олардың ешқайсысы полиция бөлімшесіне арызданбаған. Ащы судан бас тартқаннан кейін елді мекенде қылмыс та сап тыйылыпты.

 Арақ атаулыдан бас тарту жөніндегі бастаманы бірінші болып ел ағасы, қажы Орынбай Әлжанов көтерген. Көпшілік сыйлы азаматты бірден қолдай кеткен. Ақсақал басқа ауылдардың тоз-тозы шығып, тұрғындары қалаға қарай көшіп жатқанда Теңдікте шаруа қожалығын ашып, халықты жұмыспен қамтыған.

“2003 жылы Әбсаттар қажы үндеу тастады. 30 күн оразада ішілмесін деді. Енді соны біржола тастайық, қайтеміз оны, 30 күннен кейін қайыра ішіп. Содан бастап "арақ ішілмейді" деп халыққа жариялап, келген меймандарға арақ қоймайтын болдық”,- дейді Орынбай қажы Әлжанов

Орынбай қажы мешітті де өз қаражатына салдырған. Ауылда қымызхана жұмыс істеп тұр. Ұлттық сусынға сұраныс жоғары.

“Бүкіл жерде қымыз құйылады. Ондай ішімдік, спиртной жоқ. Осы ақ тамақ, қымыз. Дайындаймыз. Күніде бір үйірде 24 бие болса, соның 22-сін сауамын”,- дейді сауыншы Айна Қыдырбекова. 

Облыс орталығынан шалғайда орналасқан ауылда екі дүкен бар. Екеуінде де шырыннан басқа сусын сатылмайды.

“Қандай той болса, солай болады. Арақ жоқ.  Мен де ішпеймін. 40 жыл мында тұрып жатырмын”,- дейді ауыл тұрғыны Андрей Нимак.

Арақ-шараптан бас тартқан ауылдың қара домалақтары да назардан тыс қалмаған. Оларға арнап елден шыққан кәсіпкер спорт алаңын салып берген. Нысан қолданысқа берілгелі оқушылар аудандық жарыстарда топ жарып жүр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста