Толассыз жаңбыр жауып, тасқын мен көшкін қаупі күшейеді

Толассыз жаңбыр жауып, тасқын мен көшкін қаупі күшейеді

Оңтүстік өңір тұрғындарына толассыз жаңбырдың салдарынан топан су басу қаупі бар екені ескертілді. Наурыздың 15-16 күндері жауын-шашын Шығыс Қазақстан облысында да тасқын туғызуы мүмкін.
«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының дабыл­ды ескертуіне қарағанда, алдағы күндері Қазақстанның көп бөлігі белсенді циклон ықпалында болып, соның әсерінен күшті жаңбыр жауады, жел күшейеді. Павло­дар, Қарағанды, Ақмола облыстарында қар аралас жаңбыр, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында күшті жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел соғады. Толассыз жаңбырдың салдарынан Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында су тасқыны болып, сел жүруі мүмкін. Өңірлердегі өзен-сулар деңгейінің көтерілу қаупі бар. Алматы облысындағы жекелеген өзендер мен Сырдарияда сең қозғалады. Шардарадан жіберілетін ағынның молаюына байланысты Сырдың суқоймадан төмен тұсы да деңгейінен асуы ықтимал деген болжам бар. Жауын-шашын мен қардың тез еруі салдарынан Шығыс Қазақстан облысының аума­ғындағы өзендерде су деңгейі күрт көтеріліп, ағын арнасынан шығып кетуі мүмкін. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында да өзендердің тасу қаупі күшейіп келеді. Метеорологтер алдағы тәуліктерде жауын-шашынның әсерінен оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда таудан қар көшуі мүмкін екенін де ескертеді. Алматы қалалық төтенше жағ­дайлар департаменті тұрғындарға тауға көтерілмеуге, шаң­ғы жолынан тыс аймақтармен жүрмеуге кеңес береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста