Тоқаев салықтан жалтарған ірі компанияларды сынға алды

Тоқаев салықтан жалтарған ірі компанияларды сынға алды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салық төлеуден жалтарып жүрген ірі бизнес өкілдерін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біздің қолымызда арнайы органдардың деректері бар, олар пайда тауып жатқан алпауыт компаниялардың түрлі сылтаулармен салықты толық төлеуден жалтарып жатқанын көрсетеді. Мен премьер-министрге бұл мәселені түпкілікті шешуді және қазынаға тиесілі қаражаттың түсуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Ал кері жағдайда қатаң шара қолданылады. Былайша айтқанда, "кім жасырынып үлгермеді, мен кінәлі емеспін", - деп ескертті президент бизнес өкілдерімен өткен кездесуде.

Қазақстан Президенті бизнестен адал бәсекелестікті талап ететінін айтты.

"Бірінші кезекте жасанды құрылған монополияларға талдау жүргізу қажет. Операторлар, әсіресе жекеменшіктер өткен күннің еншісінде қалуы тиіс. Егер естеріңізде болса, бұрын "сатып алушылар" деген термин болатын. Жеке компания тиісті ақының орнына мемлекеттің бірқатар экономикалық функцияларын орындауды сатып алады. Мұның соңы ешқандай жақсылыққа әкелген жоқ. Үкіметке мұндай әрекеттерге заңмен тыйым салынуын қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді президент.

Тоқаев сонымен қатар бизнес тауашалары бәсекеге ашық болуын тапсырды.

"Нарықта жасанды түрде құрылған көптеген делдалдық тізбектерді жою керек. Ешкім шешкісі келмейтін ескі мәселелер бар. Бізге экономиканы олигополиясыздандыру үшін қатаң саясат қажет. Олигополия тудыратын қауіптер мен тәуекелдер туралы жоғарыда айттым, қайталап айтпаймын", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Ол сондай-ақ тапсырыстарды бір компаниялардың атынан берудің орнына, жаңа буын кәсіпкерлерді тәрбиелеу керектігін баса айтты.

Барлық жеңілдіктер ортақ болу қажет және тек нақты өзара міндеттемелерге айырбас ретінде берілуі тиіс. Бұл барлық салықты толық төлеу, экспортқа қол жеткізу, сапалы жұмыс орындарын құру және басқа да мәселелер.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста