Төрт бұзақы жабылып ұрған: Талғарда ер азаматты тепкінің астына алып, оны ұрлап әкеткен сәт видеоға түсіп қалды
Оқиға 17 маусымда Талғар қаласындағы Рысқұлов көшесінде орын алған. Желіде таралған видеода төрт адамның көліктен шығып, жолда тұрған азаматты тепкінің астына алғаны байқалады.
37 жастағы тұрғын Талғар орталық аудандық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі таңда оқиға бойынша "Бірнеше адамнан тұратын топтың бұзақылық әрекеті" бабы бойынша іс тіркелген. Күдіктілерді қолға түсіру мақсатында арнайы шаралар жүргізілуде.
Желіде таралған жазбаға сенсек, соққыға жығылған азамат жаттықтырушы көрінеді. Бұзақылар оны көлікке салып, қаланың сыртына алып барып, тағы да ұрып соққан.
Жәбірленушінің туыстары оны Талғардың ауруханасынан Алматыға жеткізген.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу