Төрт тілді сөздік жарық көрді

Төрт тілді сөздік жарық көрді

Қазақ, ағылшын, неміс, орыс тілдеріндегі «Техникалық сөздік» жарық көрді. Бұл – техника ғылымының докторы, профессор Райымқұл Құдайбергеновтің бірнеше жылғы табан ақы, маңдай терінің жемісі. Автор 666 беттен тұратын еңбегін «бір кітапқа енгізілген төрт сөздік» деп бағалайды.
Райымқұл Құдайбергенов әуелі техни­калық сөзқұрамдарды неміс тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударады. Сондай-ақ жаһанның ортақ игілігіне айналған ағыл­шын тілін де ұмыт қалдырмау қажет еді. Осы тілдің негізгі ережелерін игеру мақса­тымен ғалым 2,5 жылға АҚШ-қа барып, Вестерн Кентукки университетінде дәріс алады әрі сонда сабақ береді. Ақырында бұрын-соңды қазақта болмаған төрт тілде­гі сөздік дүниеге келеді.
Райымқұл ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, техника ғылымының докторы, профессор:
– Осыдан 22 жыл бұрын Герма­ния­ның Дортмунд университетіне тәжірибеден өтуге барып, сонда қалып қойдым. Сондағы Оренштайн және Коппель зауыттарында құрылыс машиналарын пайдалану жөнінен сарапшы болып қызмет атқардым. Неміс тілін тереңдете игеруге ден қойған болатынмын. Сол жылдары алғаш осы сөздікті құрастыру туралы ой келген еді. Өкінішке қарай, қазақ­тың техникалық тілі әлі қалыптасып үлгерген жоқ. Біздегі барлық техника­лық оқулықтар, негізінен, орысша болып келеді. Мен қолымнан келген­ше осы олқылықтың орнын толтыруға тырыстым. Менің сөздігімді пайдала­нып, қазақша техникалық оқулықтар жазылып, олардың қатары артады деп сенемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста