Төтеншеліктер төтенше жағдайды қалай білмеген?

Төтеншеліктер төтенше жағдайды қалай білмеген?

Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің қызметкерлері Балқаш көліне батып кетті. Мамандар ауа райы жайсыз болып тұрғанына қарамастан, қайықпен көлге шыққан. Олардың жұмыс барысымен шыққаны немесе жай тынықпақ болғаны әзірше белгісіз.
Оқиға сәрсенбі күні сағат күндізгі екілер шама­сында болған. Қарағанды облысының Приозерск қаласы маңындағы «Алтын құм» жағажай аума­ғынан төтенше жағдайлар ведомствосының ау­мақ­тық органының алты өкілі көлге қайықпен шы­ғады. Кенет ауа райы құбылып, қатты жаңбыр жауған. Бұл аздай, дауыл пайда болып, толқын көте­ріледі. Қарағанды облыстық төтенше жағ­дай­лар жөніндегі департаменттің бастығы Нұр­бек Құнанбаевтың айтуынша, 10-15 метр биік­тікке жететін толқын ақыры мамандар мінген мо­торлы «Казанканы» аударып тастаған. Суға құла­ған Приозерск қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім бастығы, 39 жастағы Н.Сасаев пен 44 жастағы А.Амантаев есімді тағы бір адам жүзе білген болуы керек, тырбанып, жа­ға­ға жетудің амалын жасайды. Оларды әлде­қандай балықшылар байқап, аман қалуына көмектескен, қазір ауруханада емделіп жатыр. Ал қалған төрт адамнан хабар жоқ. Олардың ара­сында 1965 жылы туылған, өртке қарсы қыз­мет майоры, Приозерск қаласындағы №47 өрт қада­ғалау бөлімінің бастығы Н.Алханов, осы меке­менің көлік жүргізушісі, өртке қарсы қызмет прапорщигі, 1973 жылғы азамат Т.Қасымов және оның Ж.Жүкенов, Ж.Бекқұлин есімді екі серігі бар. ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, судан құтқарушылар қайықтан аударылған төрт адамды іздеуге сол күні-ақ дереу кірісті. Бірақ жоғалғандардың қа­ра­сы көзге шалынбады. Моторлы қайық та табылған жоқ. Әрі ауа райының қолайсыздығы кешкі 20.30-да іздестіру жұмыстарын тоқтатуға себеп болды. Алайда мамандар кеше таңғы сағат 7.30-да көлге қайта келіп, жұмысты жал­ғас­тырды. Оқиғадан біраз уақыт өтсе де, құтқарушылар әріптестерінің табылатынынан үміт үзіп отырған жоқ. «Олар суға кетпей, бір жағаға жүзіп шығып, адасып жүруі мүмкін» деген күмәнді болжам да бар.

P.S. Төтенше оқиғаның бізге беймәлім қалған тұстары көп. Мәселен, өрт сөндіруші мамандардың Балқашқа не себепті шыққаны әзірше хабарланбай отыр. Әрі кілең тәжірибелі қызметкерлердің ауа райындағы өзгеріс туралы алдын ала білмегені ойландырады. Судан құтқарушы мамандар да әріптестерінің сапарынан бейхабар болған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста