Туды пайдалану тәртібін қайта қарау керек - Тоқаев

Туды пайдалану тәртібін қайта қарау керек - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Туын пайдалану ережесін қайта қарау қажеттігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Жастардың отаншылдық рухын күшейту керек. Қазір әлеуметтік желіде мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылып жатыр. Өкінішке қарай, қасиетті Көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені Көк туымыз - қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы", - деді Тоқаев.
Ол қажет болған жағдайда тиісті заңдарға түзетулер енгізу керек екенін атап өтті.

"Туған жерге туыңды тік" деп халқымыз бекер айтпаған. Біз - Туын әрқашан биік ұстаған елміз. Осы ретте Қаныш Сәтбаевтың бір ойы өзекті болып отырған сияқты: "Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес". 
Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу - әр азаматтың перзенттік парызы. Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіретін ең әуелі - сіздер, яғни зиялы қауым", - деді Мемлекет басшысы.

Еске салйық, 25 мамырда Алматыда өткен концертте "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza лақап атымен танымал Асхат Жолшиев өрескел әрекет танытты. Жас әншілер сахнаға мас күйінде шыққаны аздай, Асхат Жолшиев мемлекеттік туды қорлаған. Бұдан бөлек, өнерпаздар бейәдеп сөздер айтқан. Осы оқиғадан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде әншілерді сынады. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста