Тұғырлы тұлғалар қалдырған дүниелерді қашан толыққанды түгендей аламыз?

Тұғырлы тұлғалар қалдырған дүниелерді қашан толыққанды түгендей аламыз?

Біз ұлттық ұғымға сай келетін сан алуан дүниемізді түгендей алмай жүрміз. Кезінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи мұражайындағы тайқазанды елге әрең қайтарған едік. Ондағы талай жәдігердің әлі де көршілес Ресей жерінде сақтаулы тұрғанын естіп-біліп жүрміз. Алайда оларды түгендеуге келгенде кежегеміз кейін тартып тұр. Ғалымдардың айтуынша, қазақ жеріндегі көне шаһарлардан табылған кейбір жәдігерлерді де орыс зерттеушілері өздерімен бірге алып кеткен. Мұндай құны қымбат бағалы дүниелерді қазір бұл біздің жерімізден табылған заттар еді деп сұрау сала алмаймыз.
Бүгінге дейін бірді-екілі жәдігерлерді елге қайтарып, көңіл демдеп жүрген жайымыз бар. Алайда олардың көбі – жекелеген азамат­тардың өз ынтасымен табылған дүниелер. Мәселен, белгілі өнер зерттеушісі Жарқын Шәкәрім кезінде атағы алысқа жайылған жампоз, белгілі әнші Әміре Қашаубаевтың дауысы жазылған үнтаспаны елге алып келуге ұйытқы болды. Оған қоса танымал режиссер Жәнібек Жетіруов жуырда мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің бейнесін тапты. Өкінішке қарай, олардың барлығы – қолды болған құндылық­тардың аз ғана бөлігі. Қалғаны қай жерде жатқанын түгендеуге қазірге дейін шамамыз келер емес.
Өнердің тілін түсінген өресі биік жұрт Сыр өңірінің жыршылық дәстүрін жоғары бағалайды. Бұл көмейінен ағыл-тегіл жыр төгілген сүлейлер еліне берілген лайықты баға деуге толық негіз бар. Дария бойында әуелеген ән десе, ішкен асын жерге қоятын әлеумет көп. «Сырдың елі – жырдың елі» атануының негізгі себебі осыдан тамыр алып отыр. Өнерлі өлкедегі жыршы­лар­дың өзіне тән мақамы, өзіндік әуені бар екенін жұрттың бәрі біледі. Қазіргі күні ел аузында жүрген Нартай Бекежанов сазсырнайын қолына алып, талай әнін асқақтата шырқай білді. Сыр топырағында кіндігі кесіліп, сол киелі елдің ауасы мен суынан нәр алған өнерпаз артына мол мұра қалдырды. Бүгінгі ұрпақ сол ардақты жанның көркем туындыларын қастерлеп, оның алдында құрметпен бас иеді.
Жуырда Шиеліге жол түсті. Ақын ауы­лына ат басын бұрдық. Күнде келіп жатқан жоқ­пыз ғой. Мұражайға бас сұқтық. Нартай ақын тұтынған дүние­лерді көрдік. Ортасында сазсырнайы да тұр. Атын алысқа жайған музыкалық аспабы ғой бұл. Өнерпаздың өнердегі  жолын бей­нелеген басқа да мұралар қойылыпты. Біз барған сәтте оның әндері ойнап тұрды. Елең ете қалдық. Мұ­ра­жайда қызмет ететін азаматтардан сұрап жатырмыз: «Мына дауыс Нартай аға­мыз­дың өзінің үні ме?» Ол кісілер Сыр сүлейінің ізін басқан шәкірттері ақынның шығармаларын орындап жатқанын жеткізді. Өз дауысымен орындаған әндері қайда дейміз тағы да...
Ғабитбек САРДАРБЕКҰЛЫ, Шиелі ауданындағы Н.Бекежанов атын­дағы мұражай директоры:
– Мұражай 1994 жылдан бері халық­қа қызмет көрсетіп келеді. Содан бері көптеген құнды мұра­ғатпен толықты. Екі қабатты ғимаратты Нартай ағамыз тұтынған дүниелермен жасақ­тау­ға барынша көңіл бөлінген. Көріп отыр­сыздар, қазір қаншама дүние қолымызда бар! Арқалы ақынның қолы тиген домбыра, сазсырнай және өзге де заттар қойылған. Сондай-ақ өнерпаз жанның 1936-1954 жылдар аралы­ғын­да қол жеткізген жетістіктері жайын­дағы деректер мен суреттер де қам­тыл­ған. Алған орден-медаль­дары, алғысхаттары, дипломдары да назардан тыс қалған жоқ. Дегенмен Нартайдың өз дауысымен жазылған әуендері қолда болмай тұр. Мұра­жайға бүгінге дейін басшылық жасаған азаматтар да бұл мақсатта біршама жұмыс атқар­ған. Өкініш­ке қарай, оны өз елімізден табуға мүмкіндік болған жоқ. Естуі­міз­ше, 1939 жылы Мәскеу қаласында өткен кезекті шаралардың бірінде ол кісі ән орындаған. Сол дүние сақталып қалған екен. Оған әзірге қолымыз жетпей отыр.

Кезінде Алаш жұрты ардақты тұлға­ла­рын лайықты бағалай алмады. Олар жайында құнды деректерді жинақтауды ескере бермеді. Мәселен, Сыр өңірін ән мен жырға бөлеген Нартай ақынға арнал­ған мұражай да мерзімінен кеш ашылып отыр. Ол кісі 1954 жылы 17 желтоқсанда пәниден өткен. Ал мұражай араға 40 жыл салып өз келушілеріне есігін айқара аш­қан. Бұл уақытта қан­шама құнды дүниенің көзден таса қалуы ғажап емес. Солардың бірі – Нар­тай­дың өз дауысымен айтылған ән­дер. Бәлкім, мұражай одан бұрын ашыл­ғанда үнтаспа жайы әлдеқашан шешіліп қойған болар ма еді?.. Әзірге қолымызды мез­гі­лі­нен кеш сермеп жүрген жайымыз бар.
Сыр өңірінің жұртшылығы қолдан келгенше жергілікті белгілі өнер иеле­рінің мұраларын түгендеуге күш салып келеді. Қазақтың халық ақыны, әнші, ком­позитор Нартай Бекежановты ұлық­тауға көңіл бөлінген. Облыс орта­лы­ғы­н­дағы драма театрына сол кісінің есімі берілгеніне қан­шама уақыт болды. Сондай-ақ өзінің туған ауылындағы мұражай алдында белгілі өнерпаздың тас тұғыры қойылған. Сол елді мекенге атақты сүлейдің аты берілген. Мамы­ражай мамырдың 19-20-сы күндері елі­міздің бас ордасы – Астана қаласында «Өз­дерің білер Нартаймын» деген атау­мен республикалық әнші-жыршылар бай­қауы өткізілмек. Онда ақынның туын­­дыларымен бірге, оның заман­дас­тары Тайжан, Шашу­бай, Майра мен Кененнің туындылары да орындалмақ.
Әрине, көңіл сүйсінткен осындай жа­ғым­ды жаңалықтармен бірге, ойға қал­ды­ра­тын жаңағыдай жайлар да бар­шылық. Тұғырлы тұлғалар қалдырған дүние­лерді қашан толыққанды түгендей аламыз? Өз­генің мұражайында тасада қалып, шаң басып жатқан талай дүние­міз­ді қайтарар кез келген секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста