"Тұлпар-Тальго" пойыздарына 1 миллионнан астам жолаушы отырды

"Тұлпар-Тальго" пойыздарына 1 миллионнан астам жолаушы отырды

Қазақстанда шығарылған "Тұлпар-Тальго" пойыздарын 2014 жылы 1 миллионнан астам жолаушы пайдаланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойыздары соңғы үш жылда ашылған 8 жаңа бағыт бойынша қатынайды. Алғашқы пойыздар 2002 жылы Астана - Алматы және Алматы - Шымкент бағыттары бойынша жолаушылар тасыса, бүгінде су жаңа пойыздар Алматы -Петропавл, Астана - Ақтөбе, Алматы - Атырау, Алматы - Ақтөбе, Алматы - Өскемен, Астана - Өскемен, Астана - Қызылорда бағыттарына да жүре бастады.

"Тұлпар-Тальго" көліктерінің қатынау уақыты бұрынғы қарапайым пойыздарға қарағанда 1,5-2 есеге қысқа, оған қоса, мұнда жолаушыларға, әсіресе, мүгедек адамдарға жайлы жағдайлар жасалған, сол себепті қазақстандықтар олардың қызметін көп тұтынады. Биыл Астана - Қызылорда, Алматы - Ақтөбе, Алматы - Өскемен, Астана - Өскемен бағыттары бойынша жүрдек пойыздардың қатынауы жиілетілгелі отыр.

Өткен қараша айынан бері "Тұлпар-Тальго" жолаушылар пойыздарына тарифтерді реттеудің қолайлы жүйесі енгізілді. Билетті алдын ала сатып алған жолаушы 35 пайызға аз шығындалады. Мысалы, Астана - Ақтөбе бағытына билетті 40 тәулік бұрын сатып алған жолаушы 11 мың теңгенің орнына 7 мың теңге жұмсайды. 2014 жылдың 16 желтоқсанынан бастап, жастар, қарттар мен жиі жол жүретін адамдар арнайы дисконт картасын пайдалана алады, бұл карталар 20 пайызға дейін жеңілдік алуға мүмкіндік береді. Дисконт карталары "Құрмет", "Жастар", "Саяхатшы" деген категориялар бойынша қолданылады. Соңғысы бір жыл ішінде 100 мыңнан 150 мың теңге сомаға дейін жол жүрген азаматтарға 10 пайыз, 200 мың теңге сомаға дейін сапар шеккендерге 15 пайызға дейін, ал одан жоғары сомаға жол жүргендерге 20 пайызға дейін жеңілдік ұсынады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста