Тұңғыш автосаяхат табиғи-тарихи құндылықтарды паш етпек

Тұңғыш автосаяхат табиғи-тарихи құндылықтарды паш етпек

Қыркүйек айында еліміздің аумағында «Қазақстан аңыздары» атты тұңғыш автоэкспедиция басталады. Жобаның басты мақсаты – Отанымыздың табиғи және тарихи құндылықтарын дәріптеу.
Автоэкспедицияны Қазақ географиялық қоғамы, Volkswagen сауда белгісі және Kino Park кинотеатрлар желісі бірлесіп ұйымдас­ты­рып отыр. Қазір экспедицияның жүру бағыт­тары анықталып жатыр. Тұңғыш автосаяхатты Terain Tech пакеті бар Volkswagen Touareg 3.0 TDI және Off Road  пакеті бар Volkswagen Amarok 2.0 TDI  жол талғамайтын көліктері жасайды. Көлік­тер еліміздің ең көркем, бірегей, ең шалғай аймақтарын жүріп өтпек. Барлығы 10 мың шақы­рымды құрайтын танымдық-спорттық сапарға 60 адам шығады. Олар Қазақстанның жеті облысының аумағын, оның ішінде бес ұлттық саябақты, 10 таулы өңірді аралайды.  Атап айтқанда, экспедиция Жоңғар Алатауынан басталып, Шыңғыстау, Алакөл, Марқакөл, Наурызым қорығына, одан әрі Мұғалжарға ұласады. Бұдан соң Каспий жағалауындағы бірегей табиғи аймақтармен өтіп, Сарайшық тарихи кешеніне, Маңғыстау түбегіндегі киелі жерлерге, Бетпақдала мен Ақсу-Жабағылыға бет түзейді. Сөйтіп, саяхатшылар автоэкспеди­цияны Алматыда қорытындыламақ. Экспеди­ция ұйымдастырушылары сапар бойы көрген-түйгендерін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлап отырады. Олар түсірген суреттер арнайы жинаққа топтастыры­лып, жарыққа шығады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста