Тұрғындар ауыл жастарын жабайы етіп көрсеткісі келеді – ҚазҰПУ проректоры даулы жерге қатысты пікір білдірді

Тұрғындар ауыл жастарын жабайы етіп көрсеткісі келеді – ҚазҰПУ проректоры даулы жерге қатысты пікір білдірді

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің проректоры сутденттер үйін салуға қарсы шыққан тұрғындардың әрекетіне қатысты пікір білдірді.

 Алматыдағы Орталық мәдени және демалыс саябағының қасында тұратын тұрғындар жатақхана салуға бүгін тағы қарсы шықты. Олардың пікірінше, жастар саябақты ластайды, тұрғындардың тыныштығын бұзады. Саябақтың Орманов көшесі жағында тұратын жиырма шақты тұрғын өздерімен бірге иттерін де ерте келген. Тұрғындар студенттер үйі аумақтың экологиясына кесірін тигізеді деп санайды. 

«Біз Орталық саябаққа жақын тұрамыз. Балалық шағымыз осында өтті. Бұл құрылыс саябақтың экологиясын құртады. Жастар тұратын жерде төбелес, қоқыс, шу, өзге де келеңсіз жағдайлар болуы мүмкін. Тұрғындар жатақхана салынса саябақ мәдени жерге емес, балаларға қауіпті орынға айналады деп санайды. Біз бұл жағдайдан соң көршілерді ұйымдастырып, адамдардың көп жиналуына ықпал жасадық. Әкімдікке, маслихатқа, өзге де мемлекеттік мекемелерге хабарластық. Қалада жатақхана салатын өзге де орындар бар. Бұл жерге әскери кафедраның ғимаратын салғанда бізбен ешкім ақылдасқан жоқ. Бұл жолы біз қарап отырмаймыз», - деді Медеу ауданының тұрғыны Айдана Жылқайдарова.

«Жақын маңда тұрамын, балалармен үнемі осында серуендеп қыдырамыз. 2012 жылдан бері осы жерде тұрып жатырмын. Саябақтың аумағында 6 қабатты жатақхана салынады дегенде таң қалып, ашуландық. Қазір жатақхана, кейін оның мақсатты пайдалану жоспары өзгереді де, коммерциялық нысанға айналып шыға келеді. Бұл нысан экологиялық және заң талаптарын бұзып отыр. Демалыс орнының аумағына не себепті жатақхана тұрғызбақ, мен бұл шешімді түсіне алар емеспін», - деді Серік Шынтасов.

Орталық саябақтың жанында университетке тиесілі 4 гектардан астам жер бұрынан бар. Оның аумағында М.Әуезов атындағы стадион, университеттің оқу корпустары мен әскери кафедрасы орналасқан. Жатақхана салынатын 11 соттық жер тұрғындар айтқандай Орталық саябақтың аумағына қарамайды. Саябақтың сыртында өзге де бизнес нысандары мен коттеджі қалашық орналасқан. Ал, студенттер үйін салуға қажетті құзырлы мекемелердің барлық құжатын оқу орнының әкімшілігі дайындап қойған. Университет әкімшілігі тұрғындардың пікірімен келіспейді. Жастар олар айтқандай жабайы емес, қазіргі студенттер мәдениетті.

«Қарсы шығып отырған тұрғындар сол жатақхана салынатын орынға иттерін серуендетіп келеді, қараңыз &ndash қоқысқа айналған. Қане олардың мәдениеттілігі? Қоқыс алаңы мен иттердің нәжісі толып жатыр. Маңайда өзге де бизнес нысандары, жекеменшік ғимараттар толып тұр. Оларға неге қарсы шықпаған кезінде? Оларға иттерімен саябаққа серуендеуге болады да, қазақтың ауылдан келген балалары бұндай жақсы жерде тұра алмайды ма? Бұны қалай түсінуге болады?! Мына стадион мен кафедарға мыңдаған студент келеді. Одан саябаққа немесе тұрғындарға зиян келген жоқ қой. Бұлардікі қызғаныш. Өздері ғана жақсы жерде өмір сүруі керек. Бұлай болмайды. Сонда жастардың жағдайын кім ойлайды? Жастар &ndash интеллигент, оларды жабайы, ақымақ, тәртіпсіз қылып көрстеудің қажеті жоқ», - деді Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры Ғабит Дулатов.


Ғабит Дулатов

Оның сөзінше, жатақхана салынатын жерде жабайы өскен 60 түп қара ағаш кесіліп, өтемақы ретінде 600 ағаш егіледі. Жатақхана құрылысына 1,3 миллиард теңге жұмсалады. 6 қабатты сутденттер үйі 327 орынға арналған. Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-де 13,5 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Олардың 10 780 студенті сырттан қатынайды. Университеттің 3 мыңнан астам студенті жатақханаға мұқтаж.

«Елбасы Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру мақсатында университет 327 орынға арналған жатақхана салуды жоспарлап отыр. Ол жер мәдениет және демалыс саябағының аумағына кірмейді. Жатақхана салу үшін барлық қажетті рұқсат құжаттары бар. «Алматы бас жоспары «Ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Қаржы орталығы» АҚ және Абай атындағы ҚазҰПУ арасында үшжақты келісім жасалды. Инвестор және мердігер &ndash «Әл Мансур» ЖШС», - деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметі.

Жоғары оқу орнының 1397 төсекке арналған 5 жатақханасы бар. Бүгінгі күні онда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес тек бірінші курстың 814 студенті тұрады. Жатақханалар ескірген, алды 1934 жылы салынған екі қабатты ғимараттар. Ең жаңасы 1988 жылы тұрғызылған. Ал 6 қабатты 6-жатақхана салыну тиіс жер 2011 жылы спорт және туризм колледжінің балансынан алынып, Абай атындағы ҚазҰПУ балансына берілген.

«Университеттің өзге де жатақханалары мына 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтың қасында орналасқан. Студенттер паркті бүлдіріп, маңайдағы тұрғындарға зиянын тигізген жоқ. Керісінше, саябақтың тазалығы, сенбілік осындағы студенттредің мойнында. Паркте мейрамханалар тұр, неге олардың салынуына қарсы шықпаған? Меніңше, тұрғындардікі қызғаныш, жаңсақ пікір. Ауылдан келген жастар пәтер жалдап қаңғымай, уайымсыз білім алуы керек. Жастарды жатақханамен қамту Елбасының, Президенттің тапсырмасы. Университетте бұдан басқа жер де, жер сатып алатын ақша да жоқ. Әкімдікке басқа жерден орын тауып беруін сұрап ұсыныс жасап көреміз», - деді проректор.

Қаржы орталығы студенттердің үйін 8 жыл өз бақылауында ұстайды. Жатақханаға саябақ арқылы емес, Ғ.Орманов көшесі жағынанан бөлек кіруге болады. Ғимарат велотректен кейінгі жер учаскесінде бой көтереді. Халықтың қарсылығынан соң, Білім және ғылым министрлігі де пікір білдіріп, өзге жер қарастыру қажет екендігін мәлімдеді.

«Қазір университет ректоры әкімдікпен және жеке серіктеспен орналасқан жерді басқа жерге ауыстыру мәселесінде жұмыс істеп жатыр. Жатақхана кез-келген жағдайда қажет, бірақ бұл Алматының экологиялық жағдайына кері әсерін тигізбеуі керек», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Егер Алматы қаласының әкімдігі жатақхана үшін басқа жер ұсына алмаса, университет өздерінің меншігіндегі аумақта құрылыс жұмыстарын бастамақ. Алғашқы жоспар бойынша, жатақхана 2022 жылдың шілдесінде пайдалануға берілуі тиіс. Алайда шулы жағдайдан кейін 1 наурызда құрылысқа қатысты қоғамдық тыңдау өтетін болды.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста