Түркияда жұмбақ шұңқыр пайда болды
Түркияның Кония провинциясындағы ауылдардың бірінде кенеттен тереңдігі 12-15 метр, диаметрі шамамен 37 метр болатын шұңқыр пайда болды деп хабарлады baq.kz.
Карапынар ауылының іргесіндегі егістік алқабында шұңқыр пайда болды. Оның неден пайда болғаны әлі анықталған жоқ. Жергілікті тұрғындар бұл құбылыстың олар үшін қалыпты жағдай екенін, тек ауылға алғаш рет келгендерді таңғалдыратынын айтып отыр.
Кония Технология университетінің шұңқырларды зерттеу орталығының директоры Фетулла Арык жаңбырлы кезеңдерден кейін шұңқырлардың пайда болуының арта түсетінін айтты. Онымен қоса таяуда болған ірі зілзала топырақта шұңқырлардың пайда болуының бір факторы болуы мүмкін.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу