Түркияның әйгілі әншісі Мурат Кекили Tutamas әнін қазақ жігітіне сыйға берді
Қазақстандық жас талант атақты түрік әнін қазақ тілінде шырқамақ. Түркияның әйгілі әншісі Мурат Кекили өз төлқұжатына айналған “Bu akşam olurum” (Tutamas) әнін “А-Элит” продюсерлік орталығының әншісі Абзал Тасмұханбетке тарту еткен. Бұл туралы отандық әнші Stan.kz ақпарат агенттігіне мәлімдеді.
Абзал Тасмұханбет Instagram парақшасына түрік әншісінің арнайы құжатқа қол қойып жатқан сәтінен видео жариялаған Абзал өз тыңдарманына қуанышты жаңалығын жеткізді.
"Бір кездері хит болған “Тутамас” (Bu Aksam Olurum) әнінің авторы әрі орындаушысы Мурат Кекилли аталмыш әнді қазақша орындаудың эксклюзивті құқығын маған берді. Бұйыртса қазір әннің мәтіні мен аранжировкасын жазуға кірісіп жатырмыз", - дейді Абзал Тасмұханбет.
Айта кетерлігі, Мурат Кекилидің 1999 жылы шығарған “Bu akşam ölürüm” атты альбомы үлкен сұранысқа ие болып, ең танымал үнтаспаға айналған еді. Бұл ән тек Түркияда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де хит болып, 2000 жылы Түркияның ең беделді музыкалық марапатын иеленген.