ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ШЕТЕЛДІК ЕЛ АУМАҒЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ШЕТЕЛДІК ЕЛ АУМАҒЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, өңірде заңсыз көші-қон арнасын анықтап, алдын алу және оларды ұйымдастырушыларды табу, сондай-ақ облыс аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау мақсатында, тікелей тапсырма беріп, арнайы топ құрды.
Аталмыш топ 10 тәулік ішінде ел аумағында заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 114 азаматын анықтаған. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша тиісті хаттамалар толтырылып, жинақталған іс құжаттар жергілікті сотқа жолданды.
Ал Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 50 шетелдік сот шешімімен ел аумағынан аластатылса, 4 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған Қазақстан Республикасының 2 азаматының әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынды. Шетелдіктерді заңда белгіленген тәртіп бойынша қабылдамаған 3 қазақстандыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шара көрілді. Осы ретте облыстың бас полицейі М.Қабденовтің жіті бақылауымен, заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау жұмыстары үздіксіз жалғаса бермек.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста