Түркістан облысында тергеушілер күніне орай спорттық сайыс өткізілді

Түркістан облысында тергеушілер күніне орай спорттық сайыс өткізілді

"Тергеу қызметіне 60 жыл" толуына орай Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің қолдауымен ауқымды спорттық спартакиада өткізілді. Іс-шараға тергеушілер, анықтаушылар және криминалистерден құралған 14 команда қатысты. Жүздеген полиция қызметкерлері қатысқан спартакиада, шағын футбол, арқан тарту, тапанша ату, қол күрес бойынша ұйымдастырылды.

Спорттық дайындықты, шеберлік пен шымырлықты, асқан шапшаңдықты қажет ететін ішкі істер саласының мамандары жарыс барысында, өздерінің тартысты ойындарын көрсетіп, белсенділік танытты. Нәтижесінде оза шапқан тәртіп сақшылары жеңіс тұғырынан көрінді.

Нақтырақ айтсақ, шағын футболдан І-орын жедел криминалистерге, ІІ-орын Созақ пен Отырар АПБ құрама командасына, ІІІ-орын келестік полицейлердің командасына бұйырды.

Ал арқан тарту ойыны бойынша І-орынды Түлкібас пен Төлеби АПБ құрама командасы, ІІ-орынды департамент аппараты командасы, ІІІ-орынды Созақ пен Отырар АПБ құрама командасы иеленді.

Сонымен қатар, тапаншамен ату бойынша
ерлер арасында І-орынды полиция майоры С.Назаров, ІІ-орынды полиция подполковнигі Б.Тулебаев, ІІІ-орынды полиция капитаны Н.Алишер алды. Ал қыздар арасында І-орын полиция аға лейтенанты А.Апетоваға, ІІ-орын полиция майоры Д.Сейдалиеваға, ІІІ-орын полиция капитаны Ж.Журабаеваға берілді.

Сондай-ақ Армрестлинг (қол күрес) бойынша І-орынды полиция аға лейтенанты Н.Сихымбай, ІІ-орынды полиция лейтенанты Н.Егемберді, ІІІ-орынды полиция аға лейтенанты А.Муратов алды.

Жарыс жүлдегерлеріне департамент бастығының атынан "Грамота", "Алғыс хат", бағалы сыйлықтар табысталды.

Марапаттау рәсімінде сөз алған Түркістан облысы Полиция Департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Қалдарбеков: «Құрметті әріптестер, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Тергеу саласы - ішкі істер органындағы ең маңызды, әрі асқан жауапкершілікті талап ететін сала. Ал сіздер осы сенімді ақтап, жүйелі жұмыс жүргізіп келесіздер. Сіздерге тілерім, барлық істеріңіз сәтті аяқталып, қылмыстар дер кезінде ашылсын. Отбастарыңызға аман болсын! Алған грамоталарыңыз позитивті серпіліс беріп, алдағы уақытта да биіктен көрінуге сеп болсын!» - деп атап өтті.

Өз кезегінде жүзден жүйрік болып, марапатталған полицейлер алғыс айтып, Қазақстан Республикасына қызмет ететіндіктерін жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста