Түркістан облысында жеңгетайлықтың үш дерегі анықталды

Түркістан облысында жеңгетайлықтың үш дерегі анықталды

Түркістан полицейлері «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында жеңгетайлықтың 3 дерегін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

 
«STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы туралы кезекті брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов айтып берді.

«21-27 ақпан аралығында Түркістан облысының аумағында «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жедел-іздестіру іс-шараларының қорытындысымен криминалдық полиция қызметкерлері ҚР ҚК 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша 3 деректі анықтады. Мәселен, Арыс қаласындағы жеке үйлердің бірінде интимдік қызмет көрсету күдігімен жеңіл жүрісті бойжеткен мен жеңгетай ұсталды. Қазіргі уақытта жеңгетайлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін осыған ұқсас тағы екі қылмыс Сарыағаш ауданында анықталды. Мұнда екі қонақ үй әкімшісі мен үш жеңіл жүрісті қыз ұсталды. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар «STOP-трафик» жедел алдын алу шарасы аясында қоғамдық орындарда тиісу бойынша 19 дерек анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда тиісу) әкімшілік хаттама толтырылды. Барлығы 19 жеңіл жүрісті қыз профилактикалық есепке қойылды», – деп түйіндеді өз сөзін Қ.Сахов.
Естеріңізге сала кетейік, «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – жеке адамға қарсы қылмыстарды анықтау, адамдарды жеңгетайлық пен саудалау, қанау мақсатында оларды ұрлау және бас бостандығынан айыру деректерінің жолын кесу, сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау.

Түркістан облысында мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста