Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы 42,1% - ға төмендеді

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы 42,1% - ға төмендеді

Түркістан облысының полиция қызметкерлері құқықтық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жыл басынан бері жүйелі түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны 42,1%-ға, ал жарақат алғандар саны 53,3% -ға төмендеді. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, жол-көлік оқиғаларында қаза болғандар саны 10%-ға артқан.

Жол апаттарының негізгі себептерінің қатарына жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуы, автокөлікті мас халде басқару, ара қашықтықты сақтамау, қарсы жолаққа шығу, маневр жасау ережелерін бұзу және автокөлікпен аударылып кету жатады. Жалпы жол-көлік оқиғаларының алдын алудың тиімді факторларының бірі - жол белгілерін орнату болып табылады. Көктем мезгілінің басталуына орай облыс аумағында республикалық, облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу, сондай-ақ елді мекендерде жол белгілерін жаңарту және үй жануарларының макеттерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Ал қалалар мен аудандарда мектеп алдындағы жолдарда сары ескерту панельдері орнатылды. Бұдан басқа Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры М.Қабденовтің тапсырмасына сәйкес жедел жағдайды сауықтыру және апаттылықты азайту мақсатында, жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Әсіресе жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу, басып озу және маневр жасау ережелерін бұзу, көлік құралын мас күйінде басқару фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аударылуда.. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтау үшін "Дрон", "Радар", "Арена", "Кибер-шериф" және "Кордон про-М"сияқты техникалық құралдарды пайдаланады. Мәселен өткен жылдың күзінен бастап "Дрон" аппаратының көмегімен қарсы қозғалыс жолағына шығуға байланысты 140-тан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерді өткізбеген 327 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 181 жүргізуші мас халде көлік жүргізгені анықталды. 2581 көлік тізгіндеушіге маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Осы тұста кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары өзекті мәселелердің қатарында десек, аталған кезеңде балалардың қатысуымен 44 жол-көлік оқиғасы орын алып, 3 жасөспірім қаза тапса, 12-сі түрлі жарақат алды. Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға балаларын мұқият қадағалап, көлігіңізді басқаруына жол бермеуге кеңес береді. Мұның соңы қалпына келмейтін салдарға әкелуі мүмкін. Ата-аналарға қатысты осындай құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, заңда жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста