Түркістан облысының Полиция департаментінде саптық байқау өтті

Түркістан облысының Полиция департаментінде саптық байқау өтті

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаменті ғимаратының алаңында жеке құрамның жалпы гарнизондық саптық байқауы өтті. Негізгі мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша тапсырмаларды орындауда жеке құрамның даярлығын тексеру. Байқауға департамент басшылығы мен сыртқы құрылым сақшылары қатысты.

Іс-шараның ашылуында ҚР Мемлекеттік Туы салтанатты түрде кіргізілді. Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов жеке құрамға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін лайықты, сапалы атқаруды тапсырды.

Шара кезінде облыстың бас полицейі тәртіп сақшыларының нысанды киімдерін, қызметтік куәлік, бейнежетон мен планшеттердің жарамдылығын, сондай-ақ қызметтік автокөліктің техникалық жағдайын тексерді.

Саптық байқау соңында қызметтік міндеттерін атқаруға кіріскен жеке құрамның салтанатты шеруі мен патрульдік полицияның автоэкипаждарының жүріп өтуі ұйымдастырылды. Айта кетейік, бұдан былай гарнизондық таратулар ай сайын жүргізілетін болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста