Түркістанда полиция қызметкері өрттен мүмкіндігі шектеулі ер адам мен 5 жасар қызды құтқарған

Түркістанда полиция қызметкері өрттен мүмкіндігі шектеулі ер адам мен 5 жасар қызды құтқарған

Түркістанда учаскелік полиция инспекторы өрт шыққан пәтерден мүмкіндігі шектеулі ер адам мен 5 жасар қызды құтқарған, деп хабарлайды Polisia.kz.

 
Учаскелік полиция инспекторы өрт кезінде мүмкіндігі шектеулі ер адам мен 5 жасар қызды құтқарып қалды. Содан тұрғындардан Түркістан қалалық Полиция басқармасына хат келіп түсті.

«Өрт орын алған пәтердің ішіне полиция капитаны Олжас Ерсұлтанов кіріп, үйде төсек тартып жатқан мүгедек ер адам мен 5 жас шамасындағы қыз баланы құтқарып алып шықты. Содан кейін полиция қызметкері өрт сөндірушілер келемін дегенше тұрғын үйдегі өртті жалғыз өзі сөндірді. Біз, осы аумақтың тұрғындары полицейдің ерлігіне куә болдық. Осыған байланысты бұл батыр полицейге алғысымызды білдіреміз. Ол осы қызметке тағайындалғалы бері ауламыз тыныш, құқық бұзушылықтар көп орын алмайды, жалпы еңбегі адал дегіміз келеді. О.Ерсұлтановтың ерен еңбегін бағалап, оны марапаттауыңызды сұраймыз», – делінген хатта.
 Бұл оқыс оқиға туралы басты кейіпкер Түркістан қалалық Полиция басқармасының №4 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы Олжас Ерсұлтанов былай деді:

«Мен күнделікті аулаларды аралап, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қызметте жүрген болатынмын. Кенет көпқабатты үйдің 2-қабатындағы пәтерден өрт шығып жатқанын байқадым. Дереу оқиға орнына жетіп, үйге кіріп кеттім. Кірсем, пәтердің жатын бөлмесі өртеніп, іші көк түтін болып жатыр екен. Оған қарамастан, мүмкін үйде адам бар шығар, құтқаруым керек деп ойладым. Содан үй ішінде өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүмкіндігі шектеулі ер адам мен 5 жас шамасындағы кішкентай қызды анықтап, екеуін де қауіпсіз жерге шығардым. Алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Ең бірінші мақсат – жедел әрекет ету, адам өмірін арашалап қалу болды».

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста