Түрмеде той жасамақ болған ба?

Түрмеде той жасамақ болған ба?

Семейдегі 156/14 қатаң тәртіптегі түзеу мекемесіне белгісіз азамат Камаз жүк көлігімен аса ірі көлемдегі есірткі заттары мен спиртті ішімдіктер кіргізбек болған.

Жасырын тиелген жүк колонияға кіре берістегі бекетте тамыздың 20-сы күні сағат 15.00 кезінде қолға түсті. Мекеме қызметкерлері көлікті тінту кезінде үлкен бес полиэтилен пакетте жасырылған 82 литр таза спирт, шамамен 20 бөтелкедей алкогольді ішімдіктер (арақ, коньяк) және соған қоса есірткі толтырылған пластик бөтелкелер тәркіледі.
Арнайы сараптаманың қорытындысы кезінде 30 жастағы азаматтың түзеу мекемесіне 6 келіден астам марихуана және 400 грамдай салмақта гашиш енгізбек болғаны анықталды. Қазір жүргізуші қамауға алынып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалуда.

Әсет Бейсекенов, Түзеу мекемелерінде заңдылықты қадағалайтын Семей прокурорының орынбасары:
– Заңсыз тауарды Камаз жүргізушісі жүннің арасына жасырып әкелген. Себебі колонияда арнайы пима басатын цех бар. Осы арқылы сотталғандар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Көлік жүргізушісі 1979 жылы туылған Семей қаласының тұрғыны. Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша іс қозғалуда. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бір айта кететін жайт, бұл колонияда отырғандардың басым бөлігін өте ауыр қылмыс жасағандар мен бірнеше мәрте істі болғандар құрайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста