Тұрмыстық зорлық, феминизм, қорғансыз балалардың тағдыры – Қазақстан әйелдер күштері альянсы өкілімен сұхбат

Тұрмыстық зорлық, феминизм, қорғансыз балалардың тағдыры – Қазақстан әйелдер күштері альянсы өкілімен сұхбат

Қазақстанда 25 610 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, асырап алушы отбасыларда тұрады. 5 044 бала мамандандырылған ұйымдарды паналап жүр. Ерекше білім беру қажеттігі бар 153 мың, мүгедектігі бойынша есепте тұрған 89 000 бала бар.

 Ішкі істер органдарында есепте 12 мың отбасы тұр. Жайсыз отбасы деп саналатын шаңырақтарда 17 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Орта есеппен, жыл сайын 2 мыңға жуық әке мен ана өзінің ата-аналық құқығынан айырылады, ал балалар үйі тәрбиеленушілерінің 80%-ы – шын мәнінде «тірі» жетімдер. Жыл сайын 30-дан 80-ге дейін нәресте сәбилер үйіне келіп түседі.

Көпбалалы және толық емес, аз қамтылған, тұрмысы нашар отбасындағы балалар құқығы қалай қорғалған? Қазақстандағы әйелдер не себепті шырылдап, петиция жазып әлек? Феминизм ұғымы дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйелдердің көзқарасына жат па? Осы және өзге де сауалдарға Қазақстан әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары Азиза Шөжеева Azattyq Rýhy тілшісіне жауап беріп, ұсыныстарын айтты.

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ САЙЫН ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚТАН 350 ӘЙЕЛ ҚАЗА ТАБАДЫ»

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бүкіл әлем бойынша өткір мәселе. Қазақстан үшін де өзекті. 2017 жылы тұрмыстық зорлық үшін жауапкершілік декримилизацияланды. Яғни, жауапкершілік Әкімшілік кодекске ауыстырылды, сәйкесінше жазалау шарасы да жеңілдеді. Бұл шешім салдарынан соңғы бірнеше жылда біздің елде жылына әйелге қарсы 2,5 мың қылмыс тіркеледі. Оның 350-і әйелдердің өлімімен аяқталды. Менің ойымша, әйелдерді, балаларды және зейнет жасындағы адамдарды бөлек алып, әр топты жеткілікті дәрежеде қорғауды қолға алу қажет. Олар әлеуметтік осал топқа жатады. Бұдан өзге буллинг мәселесі бар, жасөспірімдер арасындағы суицид, отбасылық зорлық-зомбылықтар сияқты көптеген проблемалар болғандықтан, әйелдер петицияға қол қоюға, сол арқылы жанайқайын жеткізуге мәжбүр», - дейді Азиза Шөжеева.
Оның айтуынша, былтыр Альянс әйелдерді тұрмыстық зорлық-змбылықтан қорғау үшін Президентке үндеу, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне, басқа да мемлекеттік органдарға 5 хат жолдаған. Өкінішке қарай, бірде-бір орган толыққанды жауап бермеген.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДА ҚАНДАЙ КЕМШІЛІКТЕР БАР?

«Қазір Қазақстанда отбасы мен кәмелетке толмағандардың, жастар мен әйелдердің құқықтарын қорғайтын 18 түрлі мемлекеттік орган бар. Алайда, министрліктегі әрбір комитет өз ведомствосындағы құзыреті аясында шектелген. Медициналық мекемелер, мектептер, мектепке дейінгі мекемелер, әлеуметтік қызметтер және қорғаншылық, қамқоршылық органдары арасында нақты нәтижеге бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимыл дамымаған. Бұдан басқа, бүгінгі күні БҒМ Балалар құқықтарын қорғау және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері жөніндегі комитеттерінің өңірлерде аумақтық бөлімшелері жоқ. Яғни, өмірлік қиын жағдайларға тап болған аналар мен балалар, жастарға қатысты құқық бұзушылықтарды жедел реттеу мүмкіндігі жоқ. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде 58-ге жуық адам, Жастар және отбасы істері комитетінде 50-ден астам адам, ал облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктерінде 1700-ге жуық адам жұмыс істейді», - дейді Азиза Тимурқызы.
Альянс мүшесі мәселе көтеріп қана қоймай, оны шешудің жолдарын да ұсынды.

«Егер осы еңбек ресурстарының барлығын жинақтайтын болсақ, ҚР БҒМ және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің базасында арнайы уәкілетті - ҚР Отбасы істері және балалардың, әйелдер мен жастардың құқықтарын қорғау жөніндегі агенттік (министрлігін) құруға болады. Аталған уәкілетті орган отбасы, балалардың, әйелдер мен жастардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын еді. Ал өңірлерде аумақтық бөлімшелердің болуы дағдарыс жағдайындағы отбасыларды, балалар мен әйелдерді мақсатты түрде анықтап, оларға жедел көмек шараларын қабылдар еді», - дейді маман.
ЕУРОПА ЕЛДЕРІНДЕ ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛҒАН?

Отбасы мәселелерін шешетін уәкілетті орган құру – әлемдік тренд. Маманның айтуынша, БАӘ-де бақыт министрлігі, Германияда отбасы, қарттар, әйелдер мен жастар федералды министрлігі, Башқұртстанда отбасы істері министрлігі бар.

«Отбасылық-тұрмыстық қылмыс жасағаны үшін, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ қудалау үшін жеке бап енгізу өзекті болып қала береді. Жақындарына қатысты зорлық-зомбылық жасаған адамның іс-әрекеті қоғамдық қауіпке барабар бағалануы тиіс», - дейді Азиза Тимурқызы.
Спикердің айтуынша, 2017 жылы Қазақстанда Бас прокуратураның бастамасымен «Зорлықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы ОҚО-да (қазіргі Түркістан облысы) іске қосылды. Алайда әкімдік құрамында ашылған отбасылық істер бойынша басқарма 2-ақ жыл жұмыс істеді.

«Нормативті база құрылған жоқ, ешқандай заң актілері қабылданған жоқ. Салдарынан 2020 жылы бұл басқарма ликвидацияланды. Яғни, Бас прокуратура ойлап тапқан жоба жойылды. Отбасылық-тұрмыстық зорлықты болдырмас үшін, оның алдын алатын мемлекеттік жүйе біздің елде болды деуге болады, бірақ масштабты деңгейде емес, заңды түрде құқықтары анықталған жоқ, сол себепті ол жойылды», - дейді Азиза Шөжеева.
ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕРІН МАЗАЛАЙТЫН ЕҢ МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ҚАНДАЙ?

«Бірінші орында - отбасындағы зорлық және дискриминация, екінші - жұмыссыздық. Себебі, жұмыссыздардың 55 пайызы - әйелдер. Шағын және орта бизнестің көбінде әйелдер жұмыс істегендіктен, пандемия кезінде нәзік жандылар көп зардап шекті. Үшінші мәселе – кедейлікпен күрес. Ресми дерек бойынша, қазір 1 млн бала кедейшілікте өмір сүріп жатыр. Бұл да әйелдер қоғамын алаңдатып отырған мәселе. Төртінші – денсаулық және медициналық қызмет. Пандемия салдарынан ерекше балалары бар аналар реабилитациялық, әлеуметтік қызметтен қағылды. Соңғысы – білім сапасы. Қашықттан оқыту салдарынан балалардың білім алу сапасы нашарлады», - деп, мәселелерді тізбектеді маман.
БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛҒАН?

Кедейлікте өмір сүріп жатқан балалар мектепте білім алмаған соң, аш қалуда. Қазақстан әйелдер күштері альянсы өкілінің айтуынша, пандемия кезінде қашықтан оқытуға көшкен 1 жыл ішінде бұл мәселе бірде-бір рет көтерілмеген.

«Ресми ақпарат бойынша, 1-3 сыныпта оқитын әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан 540 мың бала күніне ең болмағанда бір рет ыстық тамақпен қамтылуы тиіс еді. 2020-2021 оқу жылында балалар қашықтан оқып жатыр. Олар тамақтанып жатқан жоқ. Себебі, мектепке барып жүрген жоқ. Ата-аналарының көбі жұмыссыз қалды. Олар бүгін не жеп жүр? Бұл олардың денсаулық құқығы қорғалмады деген сөз. Балалардың тамақтануы ұлттық қауіпсіздік мәселесі емес пе? Демек, бала құқығы Қазақстанда қорғалмаған», - деп, спикеріміз нақты фактілерді айтты.  
ЖОЛ КАРТАСЫ НЕ ӨЗГЕРТЕДІ?

Альянс бастамасымен әйелдердің өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы бойынша қандай істер атқарылады?

«Біз мемлекеттік органдарға хат жазып, екі ұлттық жобаны қолға алуды ұсындық. Біріншісі – ана мен бала инвестициясын жоспарлау. Біз аналық капиталдың енуін қолдаймыз. Екінші, барлық мектепте барлық мектеп оқушысынла бір реттік ыстық тамақ болғанын қалаймыз. Ең болмағанда бір рет», - дейді Азиза Тимурқызы.
ФЕМИНИЗМ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТҮСІНІГІ КЕРЕҒАР МА?

«Феминизм туралы негативті ойлардың болуы заңды. Ол әр адамның субъективті ойы. Біз гендерлік теңдік – балалар, ерлер, әйелдер, қариялар бәрі тең құқылы деген ойды қолдаймыз. Біздің елде әкелер үшін, аналар үшін, әр отбасы үшін қауіпсіз орта қалыптасқанын қалаймыз. Жақсы, үлгілі ата-ана болу үшін жастарға арналған әртүрлі жобаларды іске асырып жүрміз. Жалпы, феминизмге деген негативті пікірдің болуы оны батыстың құндылығын насихаттайды деген фобиялармен байланысты. Әр адам өзінің критикалық ойлау шегін қосып, фобиядан қашу керек. Кез келген ұғымды дұрыс түсіну керек. Басқа Азия елдерімен, Өзбекстанмен салыстырғанда, көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ елінде әйел құқығы шектелген жоқ. Феминизм - өзім үшін қорқынышты емес. Оны біздің ұлттық дәстүрлерге қарсы қоюдың қажеті жоқ. Олар бір-біріне қауіпті емес», - дейді маман.  
Альянс өкілінің айтуынша, олар алгоритм жасаған. Әйелдерді зорлықтан сақтау үшін ең әуелі оның білімін арттыру қажет дейді маман. Потенциалды агрессорды анықтайтын тест, зорлықтан сақтау, алдын алу бойынша тренингтер циклы қолға алынған.

Азиза Тимурқызы сұхбат соңында қылмысқа қатысты заңдардың кемшін тұстары көптігін айтты.

«Жануарларға қатыгездік танытқан адам үшін қылмыстық жаза көзделген, алайда балалар мен әйелдерге зорлық көрсеткен жан айыппұл төлеп, тіпті, жай ғана ескертумен жазадан құтылып жүр», - дейді Азиза Шөжеева.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста