Қазақстанда кешелі бері коронавирусқа байланысты мектеп оқушылары келесі аптадан бастап демалысқа аттанып, студенттер онлайн оқу жүйесіне ауысқалы бері, көпшіліктің зәреті құты қалмаған. Үрейленген жұрт әсіресе азық-түлік дүкендерін жаппай торуылдауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Елорданың сол жағалуындағы ең ірі азық-түлік сауда орнында кешелі бері ине шаншар жер жоқ.
Тұрғындар күнделікті тұрмысқа қажетті ұн және нан, сүт өнімдерін жаппай сатып алуда.

Фото: NUR.KZ
Өкініштісі сауда дүкендерінде қант, тұз, қарақұмық, тауық еті сынды өнімдер некен-саяқ. Тіпті кей дүкендерде аталған азық-түлік өнімдерінің сөрелері бос қалған.

Фото: NUR.KZ
Мысалы тауық еті мен ет өнімдері қойылатын мына сөре кешелі бері бос тұр.
Сол сияқты қант пен қарақұмық, макарон өнімдерінің сөрелерінде де өнім жоқ.
Сауда орындары қызметкерлерінің айтуынша азық-түлік өнімдері тапшылығы жоқ, тек адам санының көптігіне байланысты сөрелер осылай бос қалған көрінеді.
"Коронавирус Қазақстанда да тарайды дегелі бері әрине азық-түлікке сұраныс артты. Бірақ осыншалықты қарбалас болады деп ойламадық. Адамдар ұн,макаронды тонналап, мөшектеп алып жатыр",-дейді олар.

Фото: NUR.KZ
Айта кетейік, кеше ел билігі коронавирустың алдын алу шаралары бойынша бірқатар іс-шараларды қолға алып, оқушылар мен студенттерді келесі аптадан бастап сабақтан босатқан еді. Сондай-ақ кеше наурыз мерекесін тойлау шаралары өткізілмейтіні айтылып, халыққа көпшілік көп жүретін жерлерге, тойларға бармауға кеңес берілген болатын.