«Уа, ресейлік өрендерім!»: Биліктегілерге ода жазумен танылған ақын ресейліктерге жыр арнады

«Уа, ресейлік өрендерім!»: Биліктегілерге ода жазумен танылған ақын ресейліктерге жыр арнады

Назарбаев және басқа да белгілі тұлғаларға жыр арнау арқылы көпшілікке танылған Балтабек Нұрғалиев ресейліктерді да қаламынан тыс қалдырмады, деп хабарлайды Экспресс К.

Балтабек өлеңін өзінің Facebook-тегі парақшасына жариялады. Одан ақынның көрші елдегі жағдайға қатты алаңдайтыны байқалады.

Уа, ресейлік бауырларым,

Тыйылмай тұр дауылдарың.

Бұл сынақ та өтер-кетер,

Сарқылмасын сабырларың,

Уа, ресейлік өрендерім,

Болашаққа елеңдедің.

Жақсылыққа қадам басып,

Жамандыққа жөнелмедің

— деп жазылған алғашқы шумағында.

Ақын өлеңінде көрші елдің азаматтарын сабырға шақырып, бейбіт күннің қайта келетінін айтқан. Елімізге келіп жатқан азаматтарға достық пейіл танытатынын да жазған.

Бізге сеніп жатырсыңдар,

Дос пейілді батырсыңдар.

Адамзатқа бітімгерміз,

Сондықтан да жақынсыңдар!

Бұл сынақтан аман шығып,

Бір жылынғай заман суық.

Біздің елдің ұстанымы –

Жанашырлық, адамшылық,— дейді Балтабек Нұрғалиев.

Ақынның жазбасына желі қолданушыларының бірі "Бүгінгінің Жамбылы өзіңсің, Балташ" деп пікір білдірген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста