«Ұят кетті...»: Қайын атасы мен күйеу баланың секеңдеген биі жұрт ашуына тиді
Интернетте қайын атасы мен күйеу баланың секеңдеген биі жұрт назарына түсті. Тіпті олардың әрекетін сынға алып жатқандар көп, деп хабарлайды Экспресс К.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан асабаның күйеу бала мен қайын атасын тойхана ортасында билеткенін байқайсыз. Тіпті олар музыка ырғағына ілесемін деп барынша секеңдеп жүр.
Әкем мен күйеуім ғой,— деп жазылған бейнежазбаға.
Десе де ер адамдардың бұл әрекетін ерсілікке балап жатқандар көп. Желідегі жұрт қайын ата мен күйеу баланың биіне сыни пікірлерін жазуда.
"Тойларды салмаңыздаршы, ұят". "Адамнан ұят кеткен заман болды-ау". "Қайын атаның қадірі қандай болар екен? Салихалылық қайда". "Еркектің қатын сияқты құйрығын бұлғаңдатып билегені ерсі көрінеді". "Жетіскен екенсіңдер", — деген ашулы жазбаларын қалдыруда желідегі жұрт.