Ұйғыр ауданында мемлекеттік бағдарлама орындалмай отыр

Ұйғыр ауданында мемлекеттік бағдарлама орындалмай отыр

Алматы облысының Ұйғыр ауданында Қазақстан Республи­касындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге аспаған. Бұл жайтты жергілікті прокура­тура анықтады.
Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұй­ғыр аудандық прокуратурасы аудандағы мемлекеттік мекемелерде тіл туралы заң­наманың дәлме-дәл және бірыңғай қол­данылуына қатысты тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында ауданда ҚР Үкіметінің 2011 жылдың 29 тамызында бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді да­мыту мен қолданудың 2011-2020 жыл­дар­ға арналған мемлекеттік бағдарла­масын іске асыру жөніндегі 2011-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспа­рының» орындалмай жатқаны белгілі болды. Ал ҚР «Қазақстан Республикасын­дағы тіл туралы» Заңының 25-3-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ауданның жергілікті атқа­рушы органы ауданның аумағында тілдерді қолдану және дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді деп көрсетілген. Прокурорлар аудандық мәде­ниет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманының, бөлім басшысының, «Мемле­кеттік тілді оқыту орталығы» директорының өздеріне жүктелген қызметтік міндеттеріне немқұрайдылықпен қарағандығынан және аудан әкімінің орынбасары Дәулет­жан Деменбаев тарапынан бақылау бол­ма­ған­дықтан, тіл заңнамасының талапта­ры өрескел бұзылған деп отыр. Сол себепті ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусым­да  №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақс­тан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» аудан көлемінде жүзеге аспауы ықтимал болған.
Анықталған фактілер бойынша аудан әкіміне заң бұзуды жою және алдағы  уа­қытта болдырмау туралы ұсыныс енгізілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста