Ұлттық арнада – «Айтуға оңай» ток-шоуы

Ұлттық арнада – «Айтуға оңай» ток-шоуы

«Өле жатқан қазақ кемінде екі ақыл айтады, соның ең құрығанда бірін өзі орындаса, әлдеқашан жақсы болып кетер еді» деген екен ғұлама Ғабең, яғни Ғабит Мүсірепов атамыз. Осыны қазақ ХХІ ғасырда мойындап, «Айтуға оңай» деген атпен ток-шоу шығарып отыр. Қазақстан ұлттық телеарнасында күні кеше тұсауы кесілген бағдарлама елдің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелеріне арналады.
45 минуттық бұл бағдарлама бұдан былай эфирден аптасына төрт рет, кешкі сағат 21.05-те тұрақты беріліп отырады. Ең басты жаңалық та сол, бұл – Ұлттық арнадағы апта бойына шығатын алғашқы жоба. Қарапайым халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде туындап жатқан жағдайлар, адам айтса нанғысыз оқиғалар – осылардың барлығы көзі тірі куә – кейіп­керлерімен ел алдына шығады. Ең бас­тысы, ток-шоу еркін, ешқандай қатып қал­ған қағидасыз өтеді. Жүргізушісі – кәсіби журналист Бейсен Құранбек. Продюсері – Әлия Құдайбергенова.
Ток-шоу ә дегеннен өз бағдарламасын «Келін бе, келсап па?», «Ене ме, кене ме?», «Арба сүйреген ақын», «Адасқандар...», «Анам мені араққа айырбастады...», «Үй­лену қиын...» секілді тақырыптардан бас­тап отыр. Болашақта Астана және Ал­маты қалаларында екі студияда тү­сірілім жұмыстары жүргізіледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста