Ұлттық ғылым академиясының бұрынғы президенті қайтыс болды

Ұлттық ғылым академиясының бұрынғы президенті қайтыс болды

Нағима Айтхожина &ndash Қазақстан үшін зерттеулердің жаңа бағыты &ndash адамдар мен өсімдіктердің және микроорганизмдердің генінен жасалған алғашқы гендік зертхананы алғашқы ұйымдастырушы болды


Белгілі ғалым, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының (ҚР ҰҒА) академигі Нағима Айтхожина 74 жасында қайтыс болды. Бұл туралы өзі жетекшілік еткен Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының баспасөз қызметі хабарлады.

"Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының ұжымы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Айтхожина Нағима Әбенқызының 2020 жылы 10 қарашада кенеттен қайтыс болғанын хабарлайды. Біз академиктің отбасы мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Көрнекті ғалым, ғылым ұйымдастырушысы, оқытушы Нағима Әбенқызының жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады", &ndash деп жазды институт профессоры Камалидин Шәріпов Facebook-тегі парақшасында.

Нағима Айтхожина &ndash Қазақстандағы молекулалық генетиканың, ғарыштық биология мен биотехнологияның, этногеномика мен палеогеномиканың негізін қалаған ғалым. Ол Қазақстан үшін зерттеулердің жаңа бағыты &ndash адамдар мен өсімдіктердің және микроорганизмдердің генінен жасалған алғашқы гендік зертхананы ұйымдастырушы әрі бірінші басшысы болды.

300-ден астам ғылыми жұмыстың авторы.

Нағима Айтхожинаның өмірбаяны


Нағима Айтхожина 1946 жылы 22 ақпанда Петропавл қаласында дүниеге келді. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген ол КСРО Ғылым академиясының молекулалық биология институтында аспирантураны аяқтады.

Айтхожинаның барлық ғылыми және ұйымдастырушылық қызметі ботаника институтымен және Қазақ КСР Ғылым академиясының молекулалық биология және биохимия институтымен байланысты болды.

1973 жылдан бастап ол Қазақ КСР Ғылым академиясының ботаника институтында алдымен кіші, кейіннен аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1983-1989 жылдары &ndash Қазақ КСР Ғылым академиясының молекулалық биология және биохимия институтында еңбек етті.

1988 жылдан 2019 жылға дейін Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтының директоры болды.

1996 жылы Айтхожина Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының биологиялық және медициналық ғылымдар бөлімінің академигі-хатшысы болып сайланды.

1999 жылы Қазақстан президентінің бұйрығымен Нағима Айтхожина Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Айтхожина Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі, Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мүшесі, Қазақстан Республикасының үкіметі жанындағы іргелі зерттеулер қорының биологиялық бөлімінің төрағасы, ғылыми-техникалық кеңестің мүшесі және Мәскеуде өткен "Генетиканың басым мәселелері" бүкілодақтық бағдарламалық жобаларының сарапшысы, білім министрлігі кеңесінің мүшесі болды. КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты.

Мемлекет алдындағы қызметі мен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан зор үлесі үшін Айтхожина "Парасат" және "Барыс" орденімен, "Эврика" халықаралық көрмесінің күміс медалімен, тәуелсіз "Платиналы Тарлан" сыйлығымен, "Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталған.

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста