Ұлттық құндылықтарға қатысты заң неге маңызды құжаттардың қатарында жоқ?

Ұлттық құндылықтарға қатысты заң неге маңызды құжаттардың қатарында жоқ?

«Қымыз өндіру үшін рұқсатты немістерден сұрау керек екен» десе, бойыңызды қандай сезім билер еді? Көзіңіз шарасынан шықпаса да, қаныңыз басыңызға шапшып, талағыңыз тарс айырылуға шақ қалары анық. Әйтпесе «бабадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық сусынымызды дайындау үшін қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын немістен рұқсат сұрау деген не сұмдық?» деп ежірейе қарауыңыз да мүмкін. Қандай күйге түссеңіз де, расын айтайық, болашақта қымыз өндіру үшін немістен рұқсат сұрап жатуымыз да ғажап емес. Себебі бүгінде қымызымызды Ганс Цольман деген немістің патенттеп алғанын бәріміз білеміз. Ет-нанымызды да (бір жерлерде қамыр ауқат деп те жүр) басқа ұлттар патенттеп алғысы келетінін де естіген едік. Тіпті Гиннесстің рекордтар кітабына кірген қазыны да қытайлықтар «Қытайдың ұлттық тағамы ретінде тіркейік» деп, сол жақтағы қазақтарымызды айналшықтап біраз әуре-сарсаңға түсіпті. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ». Ал біз әлі күнге дейін ұлттық құндылықтарымызды меншіктей алмай келеміз.
Осы мәселеге қатысты Парламент Мәжілісінің депутаты Динар Нө­кетаева Әділет министрлігіне хат жолдаған екен. Сол хатында де­путат қазы-қарта, жал-жая, шұбат, қымыз, құрт, ірімшік секілді ұлттық тағамдарымызды дайындау тәсіліне патент беру турасында сұрапты.  Министрлік халық қалаулысының хатына: «Халқымыздың ұлттық тағамдары болып табылатын қазы-қарта, жал-жая, шұбат, қымыз, құрт, ірімшікке, сонымен қатар оларды дайындау тәсіліне қатысты кез келген жекеменшік немесе заңды тұлғаға айрықша құқық беру, тіпті мемлекетке меншіктеп беру басқа тұлғалардың оларды күнделікті тұрмыста тұтыну мүмкіншілігін шектеу болып табылады. Мұндай жағдайда кез келген мереке, мейрамдарда дастарханға қою үшін патент иеленушінің рұқсатын алу қажеттігі туындайды», – деп жауап беріпті. Сонда қалай, күбі тола қымызды пісу үшін, сары қымыз сапы­рып, тамсана отырып ішу үшін немістен рұқсат сұрау керек пе екен?
«Бәйбішеге жарасар, еміздіктеген са­ба­сы» дейді Бұқар жырау. Егер немістен қымыз үшін рұқсат сұрасақ, жағдай жараспайын деп тұр. Сол үшін Динар Нөкетаева Пар­ламент Мәжілісінің кешегі пленарлық оты­рысында зияткерлік меншік мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы заң жобасын таныстыра келген әді­лет министрінің орынбасары Әмірхан Аман­­баевтан: «Қымыз жасауға немістің аза­ма­ты авторлық құқық алып жатқанда, біз неге өзіміздің елдегі азаматтарымызға патент бере алмаймыз?» – деп сұрады. Вице-министрдің айтуынша, мәселенің осы уақытқа дейін шешім таппау себебі – «Қа­зақтың дәстүрлі білімдері» туралы заңының әлі күнге дейін дайын еместігінде. Бұған Әділет пен Білім және ғылым ми­нистр­ліктері жауапты екен. «Бірақ заңның жо­басын заң шығару институтына бердік. Қазақтың ұлттық тағамдары, салт-дәстүр­лері, ер-тоқым, жүген секілді ат-әбзелдерін жасау өнері, бәрі қорғауға алынуда. Не­містің қымызды патенттегені қазақ қы­мыз­сыз қалады деген сөз емес», – деді Әмір­хан Тапашұлы. Бірақ мұнысы Динар Нөкетаева ханымның көтеріп отырған мәселесіне, қойған сұрағына оңды жауап болмады.
Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл да ұлттың зияткерлік құқығы деген мәселені сұрады. Депутаттың жоқтап отыр­ған мәселесі қазақ халық ауыз әдебиетінің төңірегінде. «Мәселен, «Алпамыс батыр» жыры, Ер Тарғын, Қамбар, тіпті Қорқыт бабаларымызға дейін «мынау біздікі, қазақтікі емес» деген дау-дамайлар әлі күнге дейін жүріп келеді және бірқатар түркітектес елдер соларды өздеріне мен­шіктеп алып кетті. Дәл қазіргі кезде осындай дау туа қалса, Әділет министрлігінің қолында соларды қорғайтын қандай құқық бар?» – деді Алдан Смайыл. Әмірхан Тапашұлының айтуынша, бұл мәселе де сол «Қазақтың дәстүрлі білімдері» туралы заң жобасында қарастырылған екен. Ол заң қашан дайын болады? Парламент қабырғасына қашан жеткізіледі, ол Аллаға ғана мәлім. Оған дейін өзге елдер қазақтың қанша ұлттық құндылығын меншіктеп алар екен, ол да белгісіз. Сондықтан да бұл – кезек күт­тір­мейтін мәселе. Оны депутат Рамазан Сәр­пе­ков те айтты. «Заң шығады деп күтіп отыр­ған дұрыс емес. Осы мәселенің төңірегінде жү­йелі түрде дөңгелек үстел немесе кон­фе­ренция өткізесіздер ме? Қысқасы, мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс жасайтын уақыт келген сияқты деп ойлаймын», – деді ол.
Мұны ұсақ-түйек дүние деп қарауға болмайтынын Парламент Мәжілісінің төр­ағасы Орал Мұхамеджанов та ескертеді.  Себебі әлемде ондай да оқиғалар болған. «Мысал үшін өзімнің көрген-естігендерімді айтайын. Швейцарияда фангю деген тағам бар. Ол – ірімшіктің астына от жағып қойып, нан батырып жейтін тағам. Соған қазір бірнеше мемлекет таласып жатыр. Ал сол фангюің біздің қазақтың балқаймағынан артық емес. Дәл сондай дәмді емес. Ал енді  Шығыс Еуропада паленка деген ішімдік бар. Соған да бірнеше мемлекет таласады. Ол ішімдікке венгрлер, болгарлар, юго­слав­тар таласуда. Осы сияқты будвайзер де­ген сыраға Чехия мен Америка таласты. Аме­рикада бұл сыра нөмірі бірінші сана­лады. Алайда бұл дауда Чехия жеңіп шық­ты. Қазіргі күні будвайзер сырасы Чехияның зияткерлік меншігіне жатады. Ал сол па­ленка мен будвайзерің қазақтың балқай­мағы мен шұбатынан артық емес. Сон­дық­тан да бұл ұсақ-түйек мәселе емес, осының бәрін ертерек қолға алуымыз қажет», – деді Орал Мұхамеджанов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста