Ұлы даланың жеті қыры. Біздің болмысымыз жаңа кезеңге сай болуы қажет - Дүйсенова

Ұлы даланың жеті қыры. Біздің болмысымыз жаңа кезеңге сай болуы қажет - Дүйсенова

Бүгін Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарық көрген болатын. Осы мақалаға орай Нұр Отан партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова өз пікірін білдірді.

Елбасының ұлы даламыздың жеті қырын терең таразылаған мақаласын оқып шығып, керемет көңіл күйге бөлендім. Халық көкейінде жүрген талай-талай дүниелерді дөп басып айтқан, тарихи туындысы үшін Президентімізге шексіз алғысымды білдіргім келеді.

Дүниежүзілік мәдениетке, ғылымға, жалпы қоғамдық дамуға өзінің зор үлесін қосқан өлкеде туып, өсіп-өну, оның тарихын жалғастыру әрбір санасы ояу қазақ үшін үлкен мәртебе және мақтаныш.

Елбасы Ұлы даланың жеті қырын тілге тиек ете келіп, бізге бірнеше талап қойып отырғандай.

Біріншіден, күллі түркі халқының «қара шаңырағы» болған Қазақстан бүгінде сол тізгінін ұстау мүмкіндігінен айырылып қалмауы үшін біздің болмысымыз жаңа кезеңге сай болуы қажет.

Ал, бұдан келіп екінші мәселе туындайды, ол - сананың жаңғыруы. Адамдық болмыс оның санасының деңгейімен өлшенеді. Олай болса, бізге қойылған талаптың тағы бірі – білімді болу, ғылымды дәріптеу.

Үшіншіден, бүкіл түркі халықтарының Қазақстанды «қара шаңырағы» ретінде танып, сол туыстық қарым-қатынасты дамыту және таланымызға бұйырған мәдени мұрамызды сақтап қалу үшін Елбасы бізге бірнеше ірі жобаларды ұсынып, оны жүзеге асырудың жолын да көрегенділікпен көрсетіп қойды.

Олардың ішінде рухани астанамыз – Түркістан, ежелгі Отырар тарихын қайта жаңғырту, түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру сияқты тың бастамалар бар.

Төртіншіден, ұлттық кодымыздың негіздерінің бірі болған ауызша және музыкалық дәстүрді де жалғастыру мәселесі қаралып отыр.

Дала фольклорының антологиясы, Ұлы даланың көне сарындары жинағы ұлттық өнеріміздің тарихындағы айтулы жаңғырудың бірі болмақ деп пайымдаймын.

Елдің елдігін ер білдіреді, ердің ерлігін ел білдіреді дегендей, ұлттық қаһармандарымыз, ұлы ойшылдарымыз, елді парасатпен басқарған тұлғаларымыз туралы деректі фильмдер немесе телесериалдардың түсірілуі қарастырылып отыр. Бұл ұлттық тәрбиеміздің бойына қан жүгіртіп, жақсыға еліктеу, жаманнан жирену әдетімізді жандандыра түсуге игі шарапатын тигізері сөзсіз.

BAQ.KZ


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста