Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгерлерінің мүрдесін іздеуге экспедиция аттанады

Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгерлерінің мүрдесін іздеуге экспедиция аттанады

Алматы қалалық «Боевое братство» қоғамдық қоры тағы бір жобаны қолға алып жатыр. Шілде айының басында Ресейдің Псковск облысына 30 шақты адам­нан тұратын экспедиция сапарға шығады. Оның құра­мында Қазақстанның әр аймағынан жиналған тарихшылар, археологтер, мұғалімдер және оқушылар бар.
Экспедицияның мақсаты –  Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік неміс әскеріне қарсы шайқастарда қаһармандық көрсеткен қазақстандық жауынгерлер және Әлия Молдағұлова жайында ақпарат жинау. Жауынгерлерге көмілген зираттардағы қазақстан­дықтардың есімдерін анықтайтын деректерді, құжаттарды ақтару. Сонымен қатар оларды қайта жерлеу рәсімін ұйымдастыру шарала­ры жүзеге асырылмақ. «Боевое братство» қоғамдық қорының жетекшісі Александр Фадюшиннің айтуынша, осы жолғы экспеди­ция­ның тағы бір көздегені – арнайы капсуламен ортақ зираттан топырақ әкелу. 
Экспедиция мүшелері ресейлік «Вахта Памяти 2013» жобасы­мен бірлесіп жұмыс жасамақ. Жұмыс барысы екі бағытта жүреді: оның алғашқысы құжаттарды ақтару ісі болса, екінші бағыты – қазба жұмыстарына қатысты. Экспедиция ұйымдастырушы «Боевое братство» қоғамдық ұйымы қазір қаржылай демеушілер іздеумен айналысыпжатыр.
Псковск ауданында 2-нші Балтық бойы майданының 22-армия­сы, 54-інші жеке атқыштар бригадасы шайқас жүргізген. Олардың қатарында ерлік көрсеткен қазақстандықтар аз болған жоқ. Зираты анықталмаған жауынгерлердің қатарында Әлия Молдағұлова да бар. Осы уақытқа дейін Әлияның бейіті деп есептеліп келген зират басқа біреудікі болып шыққаны соңғы кездері баспасөздерде жиі айты­лып жүр. Бұл ақпарат ресейлік «След пантеры» іздестіру тобы­ның ескі әскери құжаттарды ақтаруы барысында анықталған екен. Соғыс жылдарында Әлияның бейіті болжам бойынша ғана көрсеті­ліп, ол жерге арнайы құлпытас орнатылған. Алайда 60-жыл­дардағы құжаттарда да бұл бейітте Әлияның жоқ екені айтылған. Нақты іздестіру шаралары енді жүзеге асырылып, оның қай жерде жатқаны анықталған көрінеді. Соғыс кезінен жеткен әскери мұ­рағат бойынша Әлияның сүйегі 500-ден астам қазақстандық жауынгермен бірге Псков облысындағы Пичевка деген жерде жатыр. Енді «Боевое братство» қоғамдық қорының ұйымдастыруындағы экспедиция бұл мәліметті барынша анықтап, Әлияны қайта жерлеу мәселесін ұйым­дастырмақ.
Сонымен қатар Псковск маңындағы шайқаста қаза болған барлық қазақстандық жауынгерлердің есімдері қайта қаралып, олардың жатқан жерлерін анықтау шаралары жүзеге асырылмақ. Мәселен, есімі қазақ арасында көп айтылмайтын тағы бір батырымыз осында жатыр. Соғыс барысында 397 фашисті жер жастандырған Төлеуғали Әбдібеков есімді снайпер де ортақ зиратқа көмілген.

Аталған шара жөнінде толығырақ мәліметті төмендегі сілтемелер бойынша таба аласыздар:

http://www.facebook.com/bbalmaty2013

https://vk.com/public52938316

www.boevoe-bratstvo.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста