Ұлы Жібек жолы есірткі жолына айналды

Ұлы Жібек жолы есірткі жолына айналды

Ешбір бекіністі елең қылмайтын бизнес
Күш алып кеткен есірткі саудасы қанша тосқауыл қойсаң да, ірге алдырар емес. Нашақорлық тұза­ғына түскендер санының қарқынды түрде өсіп келе жатқандығы кім-кімнің де тұла бойын шымыр­латпай қоймайтыны анық. Бұрындары кеңес дәуі­рін­де есірткі пайдаланғандар тізімі алып Одақ бо­йын­ша 50 мыңға жуықтаса, тек бір Қазақстанның өзін­де қазір 55 мыңнан астам нашақор есепте тұр. Бұл – ресми дерек. Сарапшылар мәліметіне сенсек, елдегі нашақорлар саны, шын мәнінде, 400 мыңның үстінде. Еліміз халықаралық есірткі тасымалының жолында жатқандықтан, оған не шара? Ауғанстанда өндірілетін апиынның (БҰҰ-ның дерегі бойынша аталған елде жыл сайын шамамен 7500-8000 тонна апиын өндіріледі) 30 пайыздан астамы Ресей мен Еуропаға Орталық Азия елдері арқылы тараса, со­ның 70 пайызы Қазақстанды кесіп өтеді. Ал сол 70 пайыздың үштен бірі іште тұтынылып отыр.
Нашақорлықпен күресті халықаралық деңгейде шешпесе болмайтын халге жеттік. Бір-бірімен сы­бай­ласып жатқан наркобарондар ел, жер таңдап жат­қан жоқ. Қоян-қолтық әрекет ететін олар өз биз­нес­терін бүкіл әлем бойынша жандандыруға ты­ры­сып бағуда. Оған қарсы күрес қанша күшейсе де, жеме-жемге келгенде қасірет ұнтағын таратушылар басым түсіп отырғаны аян. Өйтпей ше. Мәселен, Ұлы Жібек жолын есірткі жолына айналдыруды көз­дегендердің қанша олжа табатынын есептегендер "1 теңгеден 1000 теңге жасайды" деседі. Ал дел­далсыз бизнес 1 доллар шығын шығарып, одан 12 240 дол­лар пайда түсіретін көрінеді.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Өткен жылдары нашақорлықпен күрес бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың біршамасының дұрыс игерілмегендігінен хабардармын. Мұндай былықтар тек ІІМ-де ғана емес, еліміздің өзге де нысандарында жиі кездесетін. Қазақстан республикасының жаңа Бюджет кодексі қабылдануының негізгі себебі де – осы. Бұрындары бюджеттен бөлінген қаржыны түгендеп отыру қиындық туғызатын. Есеп комитетінің өзі араға жыл­дар салып барып қана тексеретін. Біраз уақыт өтіп кеткен соң, оңды-солды шашылған ақшаның басын құрай алмай жататынбыз. Мұндайда кінәлі де табылмады. Ал жаңа Бюджет кодексі оған жол бермейді. Яғни бюджеттен бөлінген қаржының қа­лай жұмсалатындығы бұдан былай қатаң бақылауда тұратын болады.

Немкеттіліктің зардабы ауыр
2007 жылы, естеріңізде болса, БҰҰ есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту үшін Ортаазия­лық орталығын құрып, оған 6,5 миллион дол­лар бөл­ген-ді. Жыл сайын бөлінетін қар­жы бұ­дан екі есеге артатынды­ғы атап өтіл­ген еді сонда. Онда Қазақ­стан­ның да үлесі бар.
Ал 2009-2011 жылдарға деп ҚР Үкіметі 39 миллиард 714 миллион теңге бөлмек. Бұл қаржы өткен жылдармен салыстыр­ғанда бірнеше есеге артық.
Үкіметтің әлемдегі №1 проблемаға ба­са назар аударуы алаң көңілді сабырға ша­қырады екен. Алайда сол қаржы тиісті жеріне жетіп, дұрыс игерілсе игі еді. Әңгіме сонда. Күмәндануымыздың өзіндік себеп­те­рі бар.
Есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қар­сы күресті жүзеге асыру мақсатында Үкімет 2000-2003 жылдары 780,2 миллион, 2004-2005 жылдары 1 миллиард 183 миллион, 2006-2008 жылдары 2 мил­лиард 897 миллион теңге бөлген бола­тын.
Қолда бар деректерді келтірсек, құзыр­лы министрлік 2002-2003 жылдар ара­лы­ғында есірткі бизнесі мен нашақор­лық­тың алдын алуға бөлінген қаржының 80 мил­лионға жуығын өз қалауынша жұмса­ған.
2004-2005 жылдарға бөлінген қаржы­ны түгендеу барысында да Есеп комитеті ІІМ-нің еншісіне тиген қомақты қаражаттың біраз бөлігін сұрауы жоқтай бейберекет шашып тастағандарын анықтаған. Есеп комитетінің баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, сол жылдары 322 миллион теңге орынсыз жұмсалыпты. Бірер мысалдар келтіре кетсек, бағдарламада көрсетілген­дей, есірткілік заттарды анықтайтын құрал жасалынуы тиіс еді. Алайда ол қолға да алынбапты. Бөлінген қаржы қайда? Есеп комитеті ол жайында тіс жармайды. Сон­дай-ақ бағдарламаға сәйкес, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәлімет­тері жөнінде Ұлттық базаға да қаражат жұмсалған еді, оны іске қосуға ақша бөлінгеніне қарамастан, ІІМ оны әрі қарай жетілдірмеген. Бірнеше көлік сатып алып, оны мүлде басқа мақсатта пайдалан­ған­дары тағы бар. Бөлінген қаржыға сегіз бекет салу жоспарланса, оның тек алтауы ғана бой көтерген. Ал иттердің вольеріне (үйретуге арналған жылжымалы үйшік) деп 4 миллион теңге шығын шығарған. Есеп комитеті анықтағандай, Есірткі бизне­сі мен нашақорлыққа қарсы күрес комитеті аса қымбат тұратын техникалық құрал- жаб­дықтар сатып алған екен де, пайдала­на­тын тәжірибелі мамандардың жоқтығы­нан, ол жабдық қоймада қаңтарылып тұр. Айта берсе, орын алған олқылықтар толып жатыр. Бұл ненің белгісі? Жауапсыздық па, әлде ұқыпсыздық па? Кім біледі, бұлардың артында жемқорлықтың да тұруы әбден мүмкін ғой... Ұлтқа төнген қауіптің қанша­лықты ауыр жағдайда тұрғандығын өзгеге қа­рағанда айқынырақ білетін құқық қор­ғау органы саласының бұл қылықтарына ерік­сіз қынжыласың.
2006-2008 жылдарға бөлінген қар­жы­ның жай-жапсарын білмек болған едік, құзырлы саланың БАҚ-пен байланыстағы қызметкері Әсел Ермаханова былай деді:
– Есеп комитеті тексеруді жоспарлы түрде жүргізеді. Соңғы тексеруге іліккен нысандар тізімінде ІІМ жоқ. Алдағы уа­қыт­та дәл қай кезде тексерілетіні әзірге бел­гісіз.
Өздеріңіз байқап отырғандай, мем­ле­кеттік бюджеттен бөлінетін қаржының бәрі бірдей ойдағыдай игерілмейді екен. Ең өкініштісі, осындай олқылықтардың бетін аша­тын Есеп комитетінің тексерулерді ара­ға бірнеше жылдар салып, жоспарлы түрде ғана жүргізетіндігі. Әңгімеге арқау болған 40 миллиардқа жуық ақшаның да оның алдында бөлінген қаржының кебін киме­сіне кім кепіл? Біздің ойымызша, білдей бір ел үшін азды-көпті қаражат саналатын мемлекет ырыздығын ысырап қылмас үшін бөлінген несібенің жұмсалуын уақыт оздырмай тексеріп отыратын механизм қарастыру керек сияқты. Одан ұтпасақ, ұтылмаймыз.
Нашақорлықтың алдын алу шарала­рының тиімділігін тексеру барысында еліміздің Бас прокуратурасы да жылда жер сабап қалады. Нашақорлықтың алдын алып, есірткі саудасының жолын кесу мін­деті жүктелген құзырлы саланың тапсы­рылған іске жауапсыз қарайтындығын про­куратура да растады. Бір ғана мысал келтірсек, соның өзі жетіп жатыр. Осыдан біраз уақыт бұрын Семей қаласында есірт­кіні бірнеше жылдан бері пайдаланып кел­ген 13 жастағы нашақор бала есірткіден өл­ген болатын. Кейін анықталғандай, ол тіпті есепке алынбапты да. Демек, бақы­лап-қада­ға­лауға тиіс органдардың жұ­­мыс­тары дұрыс жолға қойылмаған. Мұн­дай айып барлық аймақ­тар­ға та­ғыл­ған-ды. Ал Үкімет на­шақорлықтың алдын алу шараларының пәрмен­ді­лігін арттырсақ деген мақ­сатпен бюджеттен бө­лінетін қаржының көлемін жылда кө­бей­теді. Демек, ғасыр дертімен күрестің мар­дым­сыздығы қаражат­қа ғана қатысты емес, жауапсыздық пен немкет­ті­лікке де бай­ланысты.
Сақшының есірткі сатқаны қай сасқаны?
Тәртіп сақшыларының арасында да есірткі сатуды кәсіп қылғандар жоқ емес. Ол жұрттың бәріне мәлім. Ұсталғандары қан­ша, ұсталмай жүргендері қанша?! Тағы бір білетініміз, тәртіп сақшылары қылмыс­керден табылған есірт­кілік заттарды толы­ғымен тәркіле­мейді. Пайда табу үшін біра­зын өзіне алып қалады. Осы тұста айта кете­йік, қылмыскерлерден тәркіленген есірт­кілер бұрындары сот біткенше заттай айғақ ретінде ІІМ-нің қоймаларында сақ­та­лып тұратын. Ал кейбір істер, өздеріңіз білесіз­дер, бірнеше жылға созылып кетеді. Қазір тәркіленген заттардың аз мөлшерін ғана қалдырып, қалғандарын бірден жо­йып жіберіп отырады. Сенімді ақпарат көз­де­рінің мәліметіне қарағанда, мұндай ше­шім шығаруға құ­­­­зырлы сала қыз­­мет­­кер­­лерінің ке­йінгі кездері қой­ма­дағы есірткілерді жым­­қыра баста­ған­дары себеп болса ке­рек.
Кім болса да, на­шақорлық пен есірткі тасымалының ал­дын алуға қал-қадерінше үлес қосып, бол­маса қылмыстың бұл түрінен бойын аулақ ұстағаны ең алдымен өзіне жасалынған игі іс. Себебі арты өлімге әкеп соқтыратын бұл дерт өзіңді болмаса да, туған-туысыңды не ұл-қызыңды ден­деуі де мүмкін. Өкінішке қарай, одан ешкім сақтанған жоқ. Өз қолыңмен өз ұрпағыңды улағаннан асқан қа­сірет жоқ.

Ең жас нашақор алты жаста
Нәйлә Тоқтарқызы,
медицина ғылымының докторы, профессор, нарколог:
– Нашақорлық барған сайын асқынып барады. Қазір ең жас нашақор бар-жоғы алты жаста ғана. Ең сорақысы, бүгінгі күні қаладағы дәріханаларда құрамында есірткі бар психотроптық дәрілерді арнайы рұқсатсыз, тіпті кәмелеттік жасқа толмағандарға еркін сатып жатыр деп жиі естіп жүрмін. Тағы бір айта кетпегім, нашақорларды емдеуге пайдаланылып жүрген дәрі-дәрмектер бұрындары шығарылған. Ал қазір есірткінің әсері күшті жаңа түрлері пайда болды. Сол себепті де нашақорларды емдеу қиындап кетті. Дәрі-дәрмек­тердің кейін шығарылған, сапалы түрлерін жазып бер­гің-ақ келеді. Алайда бағасы қымбат болған­дықтан, үкіметтің оларды сатып алғысы жоқ.

Керек дерек
Жоғарыда сөз болған олқылықтардың салдарынан да болар, есірткі қылмыстарына қарсы іс-әрекеттер нәтижесінің көрсеткіші бір орнынан тапжылмай-ақ қойды. Бұл айтқанымызға мына деректер дәлел.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста