Үндістан бізге инвестиция салуға мүдделі

Үндістан бізге инвестиция салуға мүдделі

Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда-эконо­микалық қатынастарды дамыту үшін  қолда бар мүм­кіндіктер толық пайдала­нылмай отыр. Мұндай пікір Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге сапары барысында айтылған болатын. Екі мемлекеттің басшылары қазақ-үнді кәсіпкерлер қауымдастығын осы саланы барынша қолдап, күш салуға шақырған-ды. Бұл келісімнің нәтижесі ретінде мамырдың 21-і мен 23-і аралығында Алматыдағы «Атакент» көрме орталығында үнді тауарларының көрмесі өтеді.
Кең көлемдегі шараның ашылуына арналған баспасөз мәслихатында Қазақ­стан мен Үнді елі арасындағы достық, әріптестік байланыстардың жолға қойыл­­ғанына 10 жыл толғаны айтылды. Осы уақыт ішінде біздің халықтар ара­сында мәдени, рухани салаларда түрлі бай­ланыстар  орнады. Әсіресе, эко­но­ми­ка саласындағы қол жеткізген жетіс­тіктеріміз көңіл қуантады екен. 2007 жы­лы екі ел арасындағы тауар айналымы 196 миллион АҚШ долларын құраса, бұл көрсеткіш 2008 жылы 368 миллион АҚШ долларына өскен. 
Жиынға Үнді елінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі  Саджанхар Ашок, Үндістан сауда-саттықты дамыту бірлестігінің төрайымы Бхиде Шила, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Татьяна Жданова және ел­ші­­ліктің бірқатар өкілдері қатысты. С.Ашоктың айтуынша, соңғы төрт-бес жыл­да Үндістанның ішкі жалпы өнімі 9 пайызға өскен. Биыл бұл межені тағы 7 пайызға арттыру  жоспарланып отыр. Ел­шінің сөзіне қарағанда, Үнді үкіметі  дағ­дарыспен  қарқынды күресіп жатыр. Қазір мемлекет қорында қосымша 250 миллиард АҚШ доллары бар. «Елге дағдарыс онша әсер етіп отырған жоқ, оның себебі, біріншіден, біздің халықаралық байланыстарымыз мықты, екіншіден, біздің банктеріміз тұрақты, олар  мемлекеттен көмек күтпейді», – деді елші.
Үндістан экономикалық әлеуеті жоғары Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі. Елдің сауда-саттықты дамыту бірлестігінің төрайымы Б.Шиланың сөзіне қарағанда, осы тұрғыдан алғанда, алдағы күндері өтетін ірі көрменің екі елге де берері көп болмақ. Бұл ортақ экономикалық тәжі­рибе алмасуға Үндістанның шағын және ор­та бизнесіндегі 80-нен астам кәсіпорын қатысады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста