«Үркер» – талапты ұландарға арналған тұңғыш сыйлық

«Үркер» – талапты ұландарға арналған тұңғыш сыйлық

Кеше Алматы қаласы басшылығы дарынды оқушыларға «Үркер» деп аталатын алтын төсбелгілерді табыс етті. Бұл бағалы сыйлық енді білім мен шығармашылықта белсенділік танытып жүрген жеткіншектерге жыл сайын берілетін болады.
«Үркер» – Алматы қаласының басты ны­шаны – алма ағашы мен оның жемісі тә­різді жарқыраған шоқжұлдыздан тұра­тын көрікті сыйлық. Оның безендірілуі жас­­тық жігер мен талантты, даналық пен әде­мілікті қадірлеуді меңзейді. Тұңғыш рет тағайындалып отырған құрмет белгісі не­­гізінен ғылым, музыка мен бейнелеу өне­­рі бойынша республикалық және халық­­аралық додаларда топ жарып жүр­­­­ген балаларға берілді. Марапатқа қала­да­ғы 32 мектептің 76 оқушысы ие бол­­ды. Оның 20-сы жаратылыстану ғылымда­­ры бойынша халықаралық олимпиада­лар­дың және конференциялардың, 29-ы жал­пы білім беретін пәндер бойын­ша рес­пуб­ликалық олимпиадалардың же­ңім­­паз­дары болса, 30-ға жуығы мектеп оқу­шылары арасында экономика пәні бойынша өткен жарыстардың үздіктері. Оларды жетістіктерімен құттықтаған қала басшысы: «Сендерге бұл сыйлықпен қоса үлкен міндеттер жүктеледі. Жеткен жеңістеріңмен тоқтап қалмай, одан әрі талпынып, талаптана берулерің керек», – деген лебізін білдірді. Басқосуда ба­ла­лар­ға талмай білім беріп келе жатқан 32 мек­тептің директоры мадақ қағаздарын алды. «Қазақ үшін «үркер» сөзінің үл­кен мағынасы бар. Мұндай сыйлық оқу­шы­лардың, ұстаздардың жаңа белестер­ге тал­­пынуына, өрлеуіне күш береді. Біздің ба­лаларымыз үркердей мықты болады деп сенемін», – деді марапатталғандар­дың бірі, ҚР Еңбек Ері Аягүл Миразова.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста