Ұшақ зауытының құрылысы басталмақшы

Ұшақ зауытының құрылысы басталмақшы

Қарағанды қаласының іргесінде ауылшаруашылық мақсаттарына қолданылатын шағын ұшақтар құрастыратын жаңа зауыттың құрылысы басталды. Өткен жексенбі күні Қарағандыға арнайы келген ҚР көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов пен Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов жаңа зауыттың іргетасы орнына алғашқы тасты қалады.
Қарағандыда шағын ұшақтар шығаратын зауыт салынатыны туралы газетімізде осыдан екі ай бұрын сүйіншілеп жазған болатынбыз. Ал зауыт құрылысы қыркүйек айында басталып, 2011 жылдың сәуір айында тамамдалмақ. Құрылыс жұмыстары қыс бойы үздіксіз жүргізіліп, зауыт ашылған сәттен бастап 125 адамды жұмыспен қамтымақшы болып отырған кәсіпорынның жоспарлы жобаларын жүзеге асыру үшін «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамынан 3,75 миллиард теңге бөлінген.
Аталмыш жобаны жүзеге асырушы «ҚазАвиаСпектр» ЖШС Татарстанның «МВЕН» фирмасымен бірігіп, әрекет етпекші. Қазанның «МВЕН» фирмасы зауыт шығаратын «Фермер» ұшақтарының сызба-жобасын ойлап тауып, негізгі құрастырушы құқығына иелік етеді. Сондай-ақ зауытқа жұмысқа қабылданатын азаматтар Қазанда оқу курстарынан өтеді.
Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВ, көлік және коммуникация министрі:
– Биылғы жыл Қазақстанда азаматтық авиация үшін ерекше шешуші құжат – «Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиацияның іс-әрекеті туралы» Заңның қабылданған жылы болды. Бұл маңызды қадам арқылы біз ішкі авиацияны дамыту үшін көптеген заңдық, әкімшілік кедергілерді оңай игеретін боламыз деп ойлаймын. Ал ауылшаруашылық мақсаттарында шағын ұшақтар жасау үшін де бұл заңның көмегі орасан зор болады. Біз қазір қолданып жүрген ұшақтардың 80 пайызы ескірген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста