"Үшінші баланы құтқарып қала алмағаным үшін өкінемін": Атыраулық азамат суға батқан балаларды аман алып қалды

"Үшінші баланы құтқарып қала алмағаным үшін өкінемін": Атыраулық азамат суға батқан балаларды аман алып қалды

Жақында Жылыой ауданы Тұрғызба ауылындағы өзенде қайғылы жағдай орын алды. Екі баланы құтқарып алғанымен, үшінші бала суға ағып кетті. Ал екі баланы ауылдасы Есет Утаралиев аман алып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 4 маусым күні болған. Кешкі сағат 17.00 шамасында ауылдағы №4 мектептің он шақты оқушысы ата-анасының рұқсатынсыз Жем өзеніне суға түсуге барады. Алғашында балаларға көңілді болғанымен, олардың үшеуі бөлініп, алысқа жүзіп шығып, суға бата бастайды. Қалған балалар көмекке шақырып айқайлайды, олардың дауысын жақын маңда жүрген Есет естиді.

Ол келген бойда суға сүңгіп кетеді. Балалардың екеуін судан тез алып шығады, бірақ үшінші 12 жасар баланы 40 минуттан кейін ғана алып шыға алады. Ол уақытта бала қаза тапқан еді.

"Әрине рахмет, еңбегімді елегендеріңізге. Менің орнымда кім болса да солай жасайтын еді. Бірақ үшінші баланы құтқарып қала алмағаным туралы ой мені іштей жеп барады", - дейді 28 жастағы Есет.

Ауылдастары Есет туралы тек жақсы пікір айтады, азамат әдебиетке жақын, "Тарлан" театрының белсенді қатысушысы. Қарапайым, көмек қолын созуға әрқашан дайын азамат. Және жәй ғана батыр.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста