Вагон өндірісі жолға қойылады

Вагон өндірісі жолға қойылады

Еліміз жүк вагоны тапшылығынан құтылатын болды. Биылдан бастап жаңа зауыттар іске қосылмақшы. Бұл туралы Алматыда өткен ТМД елдері вагон шаруашылығы құзырлы өкілдері кеңесінің отырысында «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының бас инженері Ерғазы Кәрібжанов мәлімдеді.
Қаржылық дағдарысқа байланысты елімізде жүк айналымының едәуір азай­ғанына қарамастан, вагондар тап­шылығы  әлі де байқалып отыр. Ал вагон өндіруді қол­ға алған кейбір кәсіпорындардың ісі тұралап тұр. «Бұрын жүк вагондарын ше­тел­дерден сатып алатынбыз. Соңғы рет Қытайдан екі вагон әкелінді. Бірақ дағ­дарыс кезінде отандық тауар өн­ді­ру­шілерді қолдауға байланысты Ел­ба­сының берген тапсырмасына орай биыл­дан бастап вагондарды Екібастұз және Пе­тро­павл қалаларындағы зауыттардан са­­тып алу көзделіп отыр», – дейді Ер­ға­­зы Кәрібжанов. Осының бір дәлелі – өт­кен наурыз айында Петропавл қала­сын­­дағы «Зиксто» зауытымен 167 жүк таси­тын вагон сатып алу туралы ке­лі­сім жа­салды. Одан басқа, келесі жылы Қа­­­зақстан мен Ресейдің бірлескен жо­­ба­сы жүзеге асырыла бастайды. Оның не­гіз­ін­де оң­тү­стік астанадағы Алматы-1 те­мір­жол вокзалы жанында­ғы деподан жо­лау­шылар тасымалдай­тын вагондар шы­ға­рыл­­мақ. Сол сияқ­ты Ас­та­на қа­ла­сын­да  америкалық «Дженерал элек­трик» компа­ния­сы­ның қатысуымен ал­да­ғы шілде-та­мыз айларында локо­мо­тив зауыты іске қосылады. Ерғазы Кә­ріб­жановтың пікірінше, жоспарланған жұ­мыс­тар ойдағыдай жүзеге асса, ішкі на­рық­та вагон тапшылығын мүлдем жоюға бо­ла­ды.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста