Возрождение аралы қашан қорғауға алынады?

Возрождение аралы қашан қорғауға алынады?

Жетпісінші жылдардың басынан бері жер жүзіндегі жұрт жіті назарына алып отырған Арал теңізінің тағдыры талайды қалың ойға салды. Жүрегі жаралы айдынның басынан не өтпеді дерсіз. Басқасын былай қойғанның өзінде, теңіздің қақ ортасында орын тепкен Возрождение аралында бактериологиялық және химиялық сынақтар жасалғаны қазір бәрімізге белгілі жайтқа айналып отыр. Бүгінгі таңда бұл сынақтар жұмыр жердегі адамзат баласына алапат қауіп төндіріп тұрған жайы бар. Біз бұл тұрғыда басылымның 2010 жылғы 5 маусым күнгі жарық көрген нөмірінде «24 вагон бактериядан қашан құтыламыз?» атты тақырыпта мақала жариялап, дабыл қаққан болатынбыз. Сол тақырыпқа қайта айналып соғудың реті келіп тұр тағы да...
Қазақ жерінде ел білмейтін қан­шама құпия істі іске асырған Кеңес Одағы ыдырап, өз алдымызға жеке түтін түтеткен соңғы жиырма жылдың ішінде де аталмыш мәселе назардан тыс қалды. Осы тақырыпқа орай Қызылорда облыстық прокуратурасы дабыл қағып отыр. Прокуратура мамандары еліміз­дің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты са­нитарлық-эпидемиологиялық қада­ғалау комитетіне Возрождение ара­лындағы жағдайды баян етіп, үшбу хат жолдады.
Өкініштісі, кезінде жұрттың көзі­нен таса болған арал қазір салт атты­ның да, жаяу адамның да, көлік мінгеннің де емін-еркін бара алатын жеріне айналды. Өйткені бұл маңды бақылауға алып отырған ешкім жоқ. Қолдағы деректер былай деп сөй­лейді: жымысқы саясат жүргізген Мәс­­кеудегі атқамінерлер аталмыш орын­ға ертерек көз тіккен.
Онда 1922-1926 жылдар аралығында тағдырдың жазуымен аяғын қия басқан қауіпті қылмыскерлер тұтқында ұсталған екен. Ал қауіпті зерттеулерге алғашқы қадамдар өткен ғасырдың 40-жылдарынан басталған. Оны құпия түрде “Далалық ғылыми-зерттеу зертханасы” деп атаған. Елуінші жылдардан басталған зерттеулер 90-жылдарға дейін жалғасқан. Мұндай жағдайды сол кезде ешкім біле бермейтін. Жергілікті жұрт та одан хабарсыз болып келді. Әскери адамдар жұмған аузын ашпастан өздерінің құпия тірлігін атқара берді.
Шын мәнінде бұл жерде адамзат баласына өте қауіпті жұмыстар жасалған еді. Атауы түрлі кодтар бойынша бекітілген биологиялық қарулар мен жабдықтар осы орында сынақтан өткізілді. Қоғамға қиғаш келетін кері істер «Аральск-7», «Бархан» және «ПНИЛ-52» секілді ғылыми-зерттеу лабораторияларында жасалды. Осында орын тепкен қалашықта казарма, тұрғын үйлер, бастауыш мектеп, балалар бақшасы, асхана, қоймалар және электр стансысы болған. Теңіздің оңтүстік бөлігіндегі арал маңындағы ашық аспан астында биологиялық қару сынақтары жасалғаны қазіргі күні белгілі болып отыр. Кезінде теңіздің ортасында 300-ден астам арал болған екен. Алып су айдынының тартылуы салдарынан қазіргі күні олардың басым бөлігі дерлік құрлықпен шектесіп кетті. Возрождениенің өзі әркімнің қиналмай-ақ жететін мекеніне айналды.
Бәлкім, бәрі де құпия күйінде қала берер ме еді... 1988 жылы АҚШ елінің басшылығы халықаралық деңгейдегі даудың басын қылтитты. Олардың айтуынша, Возрождение аралында сібір жарасын тудыратын қауіпті қару жатыр екен. Антракс дегеніңіз адамзат баласына індет алып келетін аса қауіпті биологиялық қару болып саналады. Көне заманнан бері жұмыр басты пенденің түн ұйқысын төрт бөлгізетін дерт жайылып кеткен жағдайда алып ғаламшардағы адамдар одан үлкен зардап шегуі мүмкін.
Мұхиттың арғы бетіндегі АҚШ-тың дабылы КСРО басшылығын аяғынан тік тұрғызды деуге болады. Олар ойласа келе бірнеше тоннаға жететін антраксті тот баспайтын болаттан жасалған арнайы ыдыстарға салды. Бұл құпия қару пойыздың 24 вагонына жүк болды. Ауыр жүк Орал қаласынан Аралға тез арада жеткізілді. Алаңдатарлығы, сол уақыттан бері құпия қару Возрождение аралында адамзатқа үлкен қауіп туғызып жатыр. Аталмыш дүниенің күші бірнеше ғасырға дейін күшін жоғалтпай, қоршаған ортаға қауіп бұлтын сейілте қоймайды.
Тоқсаныншы жылдардың басында орыс ғалымдары бұл жерден тез көшіп кетті. Өкінішке қарай, қауіпті қару сол орында қалып қойды. Дегенмен бүгінгі күнге дейін оған біздің еліміздің тарапынан ешқандай мән берілмей келгендігі ойлантады. Әрине, бұл шаруаға қыруар қаржы қажет екені айтпасақ та белгілі.
Ғабит Тобажанов, Қызылорда облыстық прокурорының аға көмекшісі:
– Індет тарататын аталмыш қаруды бақылаусыз қалдыруға болмайды. Бұл орайда тиісті сала мамандары тарапынан арнайы қорғауға алынып, оның таралмауы әрдайым қадаға­лауда ұсталуы тиіс. Бактериологиялық және химиялық сынақтар зардабынан жапа шеккен Возрождениеге әлі күнге дейін осындай тиісті іс-шаралар қолға алына қойған жоқ.
Қазекем «Жау жоқ деме – жар астында» дейді. Қаншама уақыттан бері жер астында жатқанымен, жұмыр басты пендеге үлкен қауіп туғызып тұрған қауіпті қаруға өз деңгейінде көңіл бөлінсе деген көптің өтініші бар. Күні ертең бас шайқап, бармақ тістеп қалғанның бетін ары қылсын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста