WhatsApp мессенджерінде "онлайн" отырғаныңыз көрінбейтін болады
WhatsApp мессенджері пайдаланушылардың ақпараттық қауіпсіздігін сақтау үшін, желідегі мәртебесі көрсетпейтін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Енді WhatsApp-тағы "онлайн" күйі бейтаныс адамдарға көрінбейді. Бұған дейін мессенджердегілердің барлығы адамның желіде онлайн отырғанын көре алатын болса, ендігі жаңарту мәртебені көруге мүмкіндік бермейді. Яғни, пайдаланушының желіде болуын оның смартфонының контактілеріне нөмірлері қосылғандар ғана көре алады.
"Біз сіз білмейтін және ешқашан сөйлеспеген адамдар үшін көрсетілетін ақпаратты күрделендіріп жатырмыз. Олар сіздің мессенджерге соңғы рет қашан кіргеніңізді және WhatsApp желісіндегі бар екеніңіз туралы білмейтін болады", - деді мессенджерді қолдау қызметі.
Мұндай шаралар үшінші тарап бағдарламаларының желідегі мәртебені көру мүмкіндігінің арқасында пайдаланушының әрекеттерін бақылап, деректер жинауына байланысты қабылданған.