Халық сот ісінің қазақша өткенін қалайды

Халық сот ісінің қазақша өткенін қалайды

Соңғы кездері орыс тілінен қазақ тіліне аударылған бірқатар заңдардың мәтіндік сапасына сын айтыла бастады. Бұл, расын­да да, ел ішінде көптен бері қиын түйткілге айналып келе жатқан мәселе болатын. Енді, міне, Мәжі­ліс­тегі халық қалаулылары да оған назар аударып, нақты ұсыныстарын білдіріп қалды. Таяуда ғана Президент жанын­да­ғы Мемлекеттік басқару акаде­миясында «Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: тілдердің даму мәселелері» атты дөңгелек үстел өткен болатын. Онда да осы  заң қашан қазақ тілінде жазылады деген мәселе қозғалған.
Демек, өз тіліне үстірт қарайтын кейбір кісілердің айтып жүргеніндей, «ресми тілдің ауқымы кеңейіп, қазақ тілі аграрлық тіл» болып қалған жоқ, керісінше, ана тілімізге деген халықтың аңсары, қажеттілігі арта бастаған кезеңге жетіп отырмыз. Басқасы- басқа, қазір сот залына келгенде мектепті, жоғары оқу орнын орыс тілінде бітірген азаматтарымыздың өзі сот ісінің мемлекеттік тілде жүргізілуін талап ететіндігіне жиі куә болып жүрміз. Бұл Тәуелсіздік жылдарын­да ұлттық сана мен тілге деген құрметтің өскендігінің айқын белгісі болса керек.
Тарихи кезеңдерде ұлтымыздың басым көпшілігі қоныс теуіп қалған оңтүстік өлке­міз­дегі Ордабасы ауданы тұрғындарының дені қазақтар екендігі белгілі. Сондықтан да мұнда мемлекеттік тілімізге байланысты күрделі мәселе жоқ сияқты болып көрінеді. Расында да, ордабасылықтарға қазақ тілін үйретудің мүлде қажеті жоқ. Керісінше, тіл уызын осында келіп татып, рухани болмы­сыңызға нәр жүгіртіп қайтуыңызға болады. Бірақ елдегі бар күрделі мәселе мұнда жоқ деп айта алмайсыз. Солардың бірі – орыс тілінде жазылып, қазақ тіліне аударылатын заң мәтіндеріне қатысты жайт.
Қызмет бабында қазақ тіліндегі заң мә­тін­дерінің түсініксіз болып көрінген тұстарын меңзеп, түсіндіріп беруімізді өтініп келіп жататын тұрғындар аса көп болмаса да, кез­десіп қалады. Сондай кездерде ол заң­ның орыс тіліндегі мәтініне қарап, салысты­рып жататын кездеріміз жиі ұшырасып тұра­ды.
Менің ойымша, бұл мәселеге байланыс­ты аудармашыларды не болмаса тіл маман­дарын кінәлай салу тым жеңіл әрі үстірт көзқарас болып табылатын сияқты. Себебі әрбір елдің заңы өз тілінде жазылуға тиісті. Сонда ғана өз халқына барынша түсінікті, анық, миға қонымды және жан дүниесіне тонның ішкі бауындай жақын болмақ. Сондықтан да мемлекеттік заңдарымыздың енді мемлекеттік тілде жазылуы қажет екендігін және ол мемлекетіміздің әлемдегі өзіндік ерекшелігін, ұлттық сипатын таныта­тын белгілердің бірі болып табылатындығын баршамыз бір кісідей түсінетін кезеңге жеткен сияқтымыз.
Әділ БАЛТАҚАРА, Ордабасы ауданы прокурорының көмекшісі, 3-сыныпты заңгер. Оңтүстік Қазақстан облысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста