Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды

Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды

Алматыда математика, физика, информатика пәндері­нен білімі терең оқушылар бақ сынап жатыр. Өткен дүйсенбі күні IX халықаралық Жәутіков олимпиа­дасы салтанатты жағдай­да ашылды. О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының бастамасымен ұйымдастырылып отырған дәстүрлі шараға Білім және ғылым министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігі қолдау көрсетуде.
Студенттер сарайына жиналған қауым­ға әуелі Жәутіков олимпиадасының тари­хынан деректі фильм көрсетілді. «Саз­ген сазы» фольклорлық-этнография­лық ан­самблі күйден шашу шашты. Олимпиадаға қатысушы командалар өздерін таныстыру үшін шерулетіп өтті. Жәутіков бәсекесіне 35 шетелдік және 18 қазақстандық команда қатысуға ниет білдірген екен. Өздерінің бақтарын сынау мақсатында олимпиадаға өзге мемле­кеттерден шекара асып, 223 шетелдік жас келсе, білім додасына өз еліміздің 125 талапты тастүлегі түспек. Бұл олимпиаданы өткізу идеясының авторы, қазылар алқасының тең төрағасы, белгілі математик Асқар Жұмаділдаевтың ай­туынша, есеп-қисапқа жүйрік оқушылар­дың басын жыл сайын қосатын мұндай олим­пиада тіпті әлемде жоқ көрінеді. Әлем­дік интеллек­туал­ды олимпиадалар үш-төрт жылда бір өткізіліп тұрады. Асқар Серік­ұлы атаулы олимпиада дипломының кез келген елде жоғары бағаланатынын жет­кізді. Бұл жолы халықаралық Жәутіков олим­пиадасына Қазақстан, Ресей, Ук­раина, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қыр­ғыз­стан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ру­мыния, Бол­гария, Индонезия, Моңғолия сияқ­ты әлем­нің 13 елінен 53 команда қатысу­да.
Ақжол БОРАНБАЙ, «Дарын» республи­калық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары:     
– Олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Бол­гария, Грузия, Армения, Беларусь, Өзбек­стан тәрізді жеті мемлекеттен әділ қазылар құрамы тағайындалып отыр. Қазылар алқасының төрағасы – әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұ­тан­ұлы. Білім сайысы математика, физика, инфор­матика пәндерінен болады. Жеңім­паз­дардың тегін оқуға түсуіне, тіпті Назар­баев университетінде оқуына қол жеткізу мүм­кіндіктері қарастырылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста