Хаменованың ісі сотқа берілді
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтың ісі сотқа жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевқа қатысты қылмыстық іс келіп түскен.
Хаменова мен Рысқалиевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (с) бойынша айып тағылды.
Еске салайық, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.
Онымен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталды.