«Хиджаб - қазақ тарихында болмаған нәрсе» - Зейнеп Ахметова
Ұлт тағдырын ұлытыққа жетелеуді мұрат еткен жазушы, қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні, ақ жаулықты ұлт анасы Зейнеп Ахметова қазақтың салт-дәстүрі мен өзіндік мәдениетіне қатысты келелі пікір білдірді. "Шуақты күндер", "Бабалар аманаты" сынды еңбектердің авторы көпшілікті қазақы тәрбие мен ұлттық руханиятының мәйегіне үңілдіріп, маңызды мәселелердің тереңіне бойлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Этнограф, жазушы Зейнеп Ахметованың қазақ дәстүріне қатысты тарихи дәйектемелер негізінде айтқан пікірін қоғам белсендісі Тұрар Сәттарқызы бөлісті.
- Астанада өткен батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының келіні, белгілі этнограф-жазушы Зейнеп Ахметованың “Ұлттық тәрбие -ұлттық рухтың негізі” атты рухани кештен үзінді. Аяулы апаммен жақында сөйлесіп, рухани сусап жүрген Астана жұртшылығына жазда тағы бір тамаша кеш сыйлауын сұрадым. Жаратқан жар болып, апамыз аман-сау болып, сол күнге жетейік! - деп жазды автор.
Зейнеп Ахметова сауалдарға жауап бере отырып, төмендегідей пікір білдіреді:
- Қазақ әйелдері ешқашан жалаңбас жүрген жоқ. Кигің келсе, қазақтың әдемі кимешегін неге кимейсің? Қазақтың кимешегіндей сұлу бас киім жоқ деуге болады.
Сонымен қатар, болмысы бекзада жазушы қазақтың ұлттық киімінің ерекшеліктеріне тоқталып, ұлттық қадір-қасиетімізді терең біліміне сүйене отырып айрықша сипатта баяндайды.